HUAWEI құрылғылары EISA сарапшылар қауымдастығының екі жүлдесіне ие болды

HUAWEI құрылғылары EISA сарапшылар қауымдастығының екі жүлдесіне ие болды

55 тұрмыстық электроника журналынан тұратын Сурет пен дыбыс сарапшыларының қауымдастығы (EISA) HUAWEI Consumer BG компаниясына екі марапат табыстады. HUAWEI P40 Pro "2020-2021 жылдардағы ең мықты камерасы бар смартфон" және HUAWEI WATCH GT 2 "Үздік ақылды сағат 2020-2021" номинациясын жеңіп алды.

EISA қауымдастығының бағасына сәйкес, HUAWEI P40 Pro смартфоны сапалы фотосурет жасауға ыңғайлы. HUAWEI P40 Pro негізгі 50 мегапиксельді камерамен жабдықталған, Autofocus және OIS фазаларын анықтайтын Ultra Vision сенсоры бар, сонымен бірге 12 мегапиксельді перископ сенсоры, 5 есе оптикалық үлкейту және бейне сапасын жақсартуға арналған кең бұрышты 40 мегапиксельді камерасы бар. Бұдан бөлек, HUAWEI P40 Pro-да 3D тереңдік сезбегі мен фотографияны жақсартуға арналған жасанды интеллект бар. Бұл, EISA-ның айтуынша, қолданушыларға жаңа функцияларға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

EISA қазылар алқасының пікірінше, HUAWEI WATCH GT 2 дизайн, AMOLED дисплей және жеңіл басқару сияқты "үздік нәрсенің бәрін бір бойына жиған заманауи ақылды сағат". HUAWEI WATCH GT 2 батареясының қызмет ету мерзімі – екі аптаға дейін және спортпен айнылсуға арналған функцияларымен 15 спорт режимін, 85 индивидуал режимді қолдануға болады. TruSleep технологиясының көмегімен HUAWEI WATCH GT 2 ұйқы сапасын, жүрек соғу жиілігін және стресс деңгейін бақылайды. HUAWEI WATCH GT 2 сонымен қатар қандағы оттегі (SpO2) деңгейін анықтайды және Bluetooth технологиясын қолданады, соның арқасында пайдаланушылар HUAWEI FreeBuds 3-ке қосылып, музыка тыңдай алады.

EISA қазылар алқасының құрамына әлемнің 29 елінен келген әр түрлі БАҚ өкілдері кіреді, олардың әрқайсысы бір немесе бірнеше тақырыпты қамтиды – фотография, мобильді құрылғылар, аудио/үй кинотеатрлар, автомобильдер электроникасы. EISA өкілдері жыл сайын өздері үздік деп санайтын құрылғыларды ұсынады.

Серіктес материалы

Massaget