Huawei компаниясы Fortune Global 500 рейтингінде үздік 50-ге кірді

Huawei компаниясы Fortune Global 500 рейтингінде үздік 50-ге кірді
Фото: Huawei

Fortune Global 500 рейтингінде Huawei компаниясы 49-орыннан көрінді. Өткен жылы Huawei 61-сатыда тұрған еді.

2019 жылы Huawei компаниясының таза табысы 5,6% өскен. Ал биыл АҚШ тарапынан жасалған санкцияларға қарамастан компания табысын 13,1% өсірген. 

Компания басшысы Ричард Ю жетістіктің құпиясымен бөлісті: "Біз клиенттерімізге жаңашылықты ұсынуға тырысамыз, бұған қоса жаңа белестерді бағындыру үшін ғылыми-зерттеу саласына көп мән береміз"

Fortune 500 тізімі компанияларды табысы және пайдасы бойынша тізбектейді. Бүгінде аталмыш рейтинг танымал компаниялар санасатындай дәрежеге жеткен.

Серіктес материалы

А. Рысдәулет