HUAWEI Assistant today беделді Red Dot Award 2020 марапатын жеңіп алды

HUAWEI Assistant today беделді Red Dot Award 2020 марапатын жеңіп алды

HUAWEI Assistant · TODAY виртуал көмекшісі жақында өнеркәсіп дизайны саласының "Оскары" – Red Dot Award: Brands & Communication Design марапатына ие болды. "Жақсы дизайн мен шығармашылықты іздеу жолында" деген ұранмен бастау алған марапат Huawei-дің "смарт" үлгісіндегі өмірдегі жаңашылдыққа ұмытылысын ескерген. Бренд мыңдаған бәсекелесінен озып, халықаралық деңгейдегі сапа көрсеткішіне ие болды. 

HUAWEI Assistant · TODAY – бұл HUAWEI смартфонының сол жақ бұрышында орналасқан жеке бас көмекшісі. Аты айтып тұрғандай бұл әртүрлі қызметтерді жүктеусіз қосуға көмектеседі. Оны іске қосу үшін HUAWEI не HONOR гаджетінің үй экранын солдан оңға жылжытсаңыз жеткілікті. Смарт-көмекші кез келген жүйені іздеуде теңдессіз екенін дәлелдеді. 2020 жылдың екінші тоқсанындағы көрсеткіш бойынша әлемнің 170 елінде 210 миллион қолданушы күнделікті HUAWEI Assistant - TODAY көмегіне жүгінеді екен.

Дизайн тұрғысынан алып қарағанда HUAWEI Assistant · TODAY қолданушымен қарым-қатынастың жоғары деңгейіне айналды. Көмекші бір ғана әрекетпен қажет іздеу жүйесін, жылдам қосылуды, смарт-қызметтерді және контент ұсынымдарын аша алады. 

Қолданушылар жаңалық қарай отырып HUAWEI Assistant · TODAY көмегімен кез келген қосымшаны, баптауды не смартфондағы түрлі файлдарды тауып, аша алады. Бұдан бөлек көмекші керек кезде еске салатын, жаңалықтарды көрсететін "ақылды" қызметтерді көрсете алады. Мысалы, қолданушы "Спорт" картасында сүйікті командасының нәтижесін тұрақты қадағалап отыруға мүмкіндігі бар. Ал "Саяхат" картасын алдағы сапарлар туралы еске салу қызметін атқарады.

HUAWEI Assistant · TODAY командасы қолданушылардың өмірін жеңілдету үшін түрлі смарт-қызметтерді іске қосып жатыр. HUAWEI компаниясы өз өнімін тұрақты түрде қолдап, оның дамуына бар жағдай жасауға дайын.

Серіктес материалы

А. Рысдәулет