Telegram бейне қоңырау қызметін іске қосты

Telegram бейне қоңырау қызметін іске қосты
Фото: root-nation.com

Көптен күткен функция қазіргі уақытта Android-те қол жетімді. iOS-те бейне қоңырау қызметі  жаңартылған нұсқа шыққаннан кейін қосылады.

"2020 бейне қоңырау шалудың сенімді құралдарына қажеттілікті көрсетті, және бүгін біз Android-ге арналған қосымшада бейне қоңыраудың альфа нұсқасын іске қосамыз. Бейне қоңырау шалу үшін, пайдаланушы профиліндегі камера белгісі бар түймені басу керек. Сөйлесу кезінде сіз дауыстық және бейне қоңыраулардың режимін өзгертуге, сонымен қатар қоңырауды аяқтамай сұхбатты жазуға, сақтауға болады", - делінген хабарламада.

Екі жақты шифрлау бейне қоңыраулардағы деректерді қорғау үшін пайдаланылатындығы атап өтілді. Қосылымның қауіпсіз екендігіне көз жеткізу үшін сіз және сұхбаттасушыңыз экранда пайда болатын төрт эмодзияны салыстыру қажет: егер таңбалар бірдей болса, қоңырау құпия, сұхбаттар қорғалған.

Айта кету керек, 14 тамызда Telegram Messenger-дің іске қосылғанына 7 жыл толды.

Т. Раушанұлы