Telegram сынақ режимінде бейне қоңырау қызметін іске қосты

Telegram сынақ режимінде бейне қоңырау қызметін іске қосты
Фото: rostoday.com

Telegram тест режимінде бейне қоңырау қызметі бар iOS-тегі бағдарламасын жаңартты.

Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін қолданбаның соңғы нұсқасын жүктеп алу немесе жаңарту керек. Содан кейін "Параметрлер" белгісін 10 рет басып, ашылған терезеде Experimental Feature қызметін қосыңыз. Осыдан кейін бейне қоңырау іске қосылады. Оны пайдалану үшін сұхбаттасушыңыздың да бейне қоңырауы қосылған болуы керек.

Бейне қоңыраулардан басқа Telegram басқа да жаңалықтарды ұсынды. Мысалы, енді аватарға кәдімгі суреттің орнына бейне аватар қоюға болады. Айналадағы адамдар бөлімі де жетілдірілді. Оның көмегімен сіз әңгімелесушінің қаншалықты қашықтықта екенін біле аласыз. Сонымен қатар, 500-ден астам қатысушы топтарға кеңейтілген статистика қосылды. Messenger арқылы жіберуге болатын файлдардың мөлшері 1,5 Гб-тан 2 ГБ-ға дейін ұлғайтылды. Айта кету керек, бұл қызметтер тек iOS-те ғана емес, Android-те де қол жетімді.

Т. Раушанұлы