Жаңа iPhone-ның құлаққабы мен қуаттау құрылғысы жоқ

Жаңа iPhone-ның құлаққабы мен қуаттау құрылғысы жоқ
Фото: yandex.kz

Әдетте, iPhone қорабының ішінде құлаққап пен қуаттау құрылғысы бірге болатын. Алайда жаңа сериялы iPhone 12-нің қорабында құлаққап пен қуаттау құрылғысы болмайды, гаджеттің өзі ғана сатылады. Бұл Мин-Чи Ко (Ming-Chi Kuo) есімді инсайдердің есебінде айтылған.

Мин-Чи Коның айтуынша, жаңа iPhone-да 5G желісі орнатылғандықтан, оған кеткен шығынды Apple компаниясы құлаққап пен қуаттау құрылғысы сынды аксессуарды сату арқылы толтырмақ. Жаңа девайстың қорабы кішкентайлау, сондықтан тасымалдауға да оңай. Сондай-ақ Apple қуаты 20 ватт болатын адаптерды сатылымға шығарып, табысқа айналдыруды жоспарлауда.

Маманның сөзінше, жаңа Айфонның бағасы iPhone 11 сияқты болады. Қазақстанда iPhone 11 смартфоны 400-450 мың теңгенің, 11 Pro мен 11 Pro Max 500-600 мың теңгенің аралығында сатылуда.

Қ. Слямбек