iPhone айналадағы дыбысты анықтай алады

iPhone айналадағы дыбысты анықтай алады
Фото: 9to5Mac

iPhone арналған iOS 14 операциялық жүйесінде айналадағы дыбысты анықтайтын функция пайда болды.

Функция iOS операциялық жүйесінің 14-нұсқасына енгізілген. Мұнда смартфон микрофонына естілген дыбыс өңделіп, ол ненің дыбысы екені анықталып, хабарлама болып келеді.

Мысалы сіз құлаққаппен музыка тыңдап отырсыз, ал сыртта біреу есік қағып тұр. iPhone оны ести сала сізге хабарлама жібереді. Бұл функция есту қабілеті нашар адамдарға аса пайдалы болмақ.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget │ Өз таңбаңды қалдыр (@massaget.kz)27 Июн 2020 в 2:10 PDT

 
А. Рысдәулет