Ғалымдар Күн мен көлеңкеден электр қуатын өндіретін құрылғы жасады

Ғалымдар Күн мен көлеңкеден электр қуатын өндіретін құрылғы жасады
Фото: sciencenews.org

Сингапур ғалымдары әртүрлі кернеуден электр тоғын өндіретін құрылғы жасады. Оның ерекшелігі – жарық пен көлеңкенің түйіскен жерінен қуат өндіре алады, бұл дәстүрлі Күн панельдерінен әлдеқайда өнімді.

Құрылғының иілгіш пластик қаңқасы бар, оған кремний мен алтыннан жасалған торлар орнатылған. Бұл тек кремнийден жасалған Күн панельдерінен өндіріс көлемі жағынан әлдеқайда тиімді.

Құрылғыны зертханада сынағанда ол қолсағатты қуаттаған. Ғалымдар қазір құрылғыдағы алтын фольгаға балама іздеп жатыр. Сөйтіп технология бағасын арзандатпақ.

 
Massaget.kz