SpaceX мұхитта ғарыш айлағын құрмақ

SpaceX мұхитта ғарыш айлағын құрмақ
Фото: yandex.kz

Американың SpaceX компаниясы Техас штатындағы Мексика шығанағында суда жүзетін ғарыш платформасын құрмақ. Мұнда Ай мен Марсқа ұшатын зымырандар құрастырылады, деп жазады Independent.

Ғарыш айлағында Ай мен Марсқа ұшатын зымырандармен қатар Жерді айнала ұшатын гипердыбысты қондырғылар да қоса жасалмақ. Егер жоспар жүзеге асса, құрлықаралық ұшу уақыты небары 30-40 минут қана болмақ.

Алдын ала деректерге қарағанда, миллиардер Илон Масктың компаниясы суда жүзетін платформа айлақ құрып, ауыр Starship ғарыш кемесін құрастыруды жоспалауда. Аталмыш кеме – Ай мен Марсқа ғарышкерлермен бірге жүк тасамалдауға қуатты ғарыш аппараты. Ұзындығы 50 метр, салмағы – 120 тонна. Масктың мәлімдеуінше, бұл кеменің 100 адамды отырғызуға қауқары жетеді.  

Бұған дейін Маск 2050 жылға дейін Марсқа 1 миллион адам аттанатынын, ал күніне Есекқырғанға үш кеменің сапар шегуіне мүмкіндігі туатынын хабарлаған еді.

Қ. Слямбек