АҚШ кітапханалары оқушыларға кітапты дронмен жеткізіп жатыр

Мэриленд штатындағы мемлекеттік мектеп кітапханалары оқушыларға кітапты дрон көмегімен жеткізіп жатыр.

Бұл тәсіл оқушылар карантинде оқу бағдарламасындағы немесе өздері қалаған кітаптарды үйден шықпай-ақ оқуы үшін қолданылған. Идея авторы – кітапханашы Келли Пассек.

Оқушылар 150 мың кітаптың ішінен керегін таңдағаннан кейін, кітапханашылар кітаптарды дронға іледі. Дрондар Wing Aviation компаниясына тиесілі. Дрон кітапты оқушы үйіне дейін тегін жеткізіп береді.