Интернет қолданушысы Марсты зерттеуге қалай көмектесе алады?

Интернет қолданушысы Марсты зерттеуге қалай көмектесе алады?
Фото: mars.nasa.gov

Интернет қолданушыларына марсоход алгоритмін жақсартып, оның Қызыл жұлдыз планетасындағы зерттеуіне көмектесуге мүмкіндік туды. Ол үшін NASA ғалымдары AI4Mars сайтын жасады.

Сайтта қолданушы әр суреттегі топырақ, тас, жартасты ажыратуы керек. Соның көмегімен жасанды интеллект объектілерді барынша дәл классификациялап, Curiosity мен Perseverance марсоходтарының бағытын анықтап отырады.

Curiosity мен Perseverance

"Әдетте алгоритмді үйрету үшін жүз мыңнан аса үлгі керек. Мұндағы принцип дәл көлікке арналған жасанды интеллект сияқты: оларға белгілер, адам, жол, бағдаршам және өзге көліктер бар көп сурет керек", - дейді NASA инженерлері. Басқарма сайтында марсоходқа көмектескісі келетіндерге арналған нұсқаулық жарияланған.

Тест: Марс пен Жердің айырмашылығын тап

 
Massaget.kz