SpaceX орбитаға тағы 58 Starlink интернет-спутнигін ұшырды

SpaceX орбитаға тағы 58 Starlink интернет-спутнигін ұшырды
Фото: twitter.com

Америкалық SpaceX технологиялық компаниясы ғарыштық аппараттардың орбитаға сәтті ұшырылғанын жариялады.

13 маусымда Falcon 9 зымыраны 58 Starlink жер серігі мен үш SkySat құрылғысын орбитаға шығарды.

 Интернетті орбитада таратуға арналған Starlink жерсеріктерінің саны қазір 538-ге жетті.

Starlink – бұл ғаламшар тұрғындары үшін кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған келесі буынның спутник желісі. Жоба 2018 жылдың ақпан айында іске қосылды. Содан кейін Falcon 9 көмегімен екі спутник орбитаға бағыт түзеді. Барлығы 12000 жер серігі орбитаға шығарылады. Сондай-ақ, 328 шақырымнан 580 шақырымға дейін орбитаға 30 000 қосымша жерсеріктерін жеткізу жоспарланған.

Илон Маск тағы 60 жерсерік ұшырды

SpaceX-тен басқа, OneWeb, Telesat, LeoSat және Amazon барлық адамдарға интернетке қол жетімділікті қамтамасыз ететін ғаламдық желіні құру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Т. Раушанұлы