HUAWEI P40 – мобильді фотосуреттің жаңа кезеңі

HUAWEI Consumer Business Group HUAWEI P40 Pro+, HUAWEI P40 Pro және HUAWEI P40 модельдерінен құрылған жаңа флагманды смартфондар топтамасын ұсынды. Жаңа құрылғы мобильді фотосуреттер мен бейнежазбаларды түсіруге мүмкіндік беретін озық технологиялар мен жаңа камераға ие.

HUAWEI P40 топтамасы HUAWEI P желісінің дәстүрін сақтап, фотосуреттер мен бейнежазбалардың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. 1/1.28 дюймді диагональді үлкен сенсоры мен 2.44 нм пиксельді ұяшықтардан құралған көлем жарықты көбірек қамтуға, тіпті жарық сәулесі аз түскен кезде де тұнық суреттерді түсіруге мүмкіндік береді.

Объективтің жетілдірілген перископты конструкциясы 10 еселік оптикалық зумды жүзеге асырды. Жаңа топтаманың барлық модельдері 5G Kirin 990 процессор негізінде құрылған, 5G желісіндегі жедел байланысқа және Wi-Fi 6 Plus стандарттарға сай бейімделген. Құрылғы компоненттері тұтас корпусқа біріктірілген, ол бейнежазбаның бірқалыптылығы мен сенсорлық әрекеттестігінің жоғары жайлылығын қамтамасыз етеді.

Үздік дизайн

HUAWEI P40 Pro және HUAWEI P40 Pro+ экрандары үшкір қырлы (Overflow Display) келеді. Төрт жақтан дөңгеленген дисплей жайлы визуалды кеңістігі мен үздік эргономиканы құрайды. Экрандағы сканер саусақ іздерін анықтау биометрикалық сәйкестендіруді алдыңғы топтамаға қарағанда 30%-ға жылдам жүргізеді.

HUAWEI P40 Pro және HUAWEI P40 әдемі сыртқы бейнесімен ерекшеленеді. Олар үш түсті келеді: жылтыр күміс түсті, қанық көк және қара түсті, сондай-ақ, қардай аппақ және күлгін күңгірт әйнекті классикалық нұсқада. HUAWEI P40 Pro+ артқы панелі керамикадан жасалған, нанотехнологиялар қолданылған. Бұл модель екі түсті болады: ақ керамика және қара керамика.

Жоғары шешімді фото түсірілімдері 

HUAWEI P40 топтамасының смартфондары үш, төрт немесе бес фотомодульдерден құралған жетілдірілген Leica фотокамералар желісіне ие болды. HUAWEI P40 негізгі камерасы аса кең бұрышты, кең бұрышты және ұзақ фокусты модульдердің арқасында жоғары сапалы түсірілімді қамтамасыз етеді. HUAWEI P40 Pro моделінде жоғары сападағы бейнежазба түсіріліміне арналған қосымша кинооъектив пен 50 еселік зумды қамтамасыз ететін, көріністің тереңдігін анықтайтын 3D-модуль бар. HUAWEI P40 Pro+ бас моделінің желісінде 10 еселік оптикалық және 100 еселік цифрлік зумды SuperZoom Array функциясы бар.

1/1.28 дюймді диагоналі бар HUAWEI Ultra Vision жаңа сенсорында пиксельдер тобының технологиясы 2.44 нм көлемді пиксельді құрауға бейімделген. Сондай-ақ, сенсор кез-келген жарық жағдайында түсіруге болатын Octa PD AutoFocus жоғары жедел фазалық фокусқа ие. HUAWEI XD Fusion Engine технологиясы жасанды интеллект алгоритмдерін қолдана отырып, қолайсыз жарық кезіндегі түсірілімді дәл анықтай алады.

HUAWEI P40 Pro моделі 5 еселік оптика, 10 еселік гибридті және 50 еселік цифрлік зум арқасында жойылған объектілерді түсіре алады. HUAWEI P40 Pro нарықта алғашқы болып жарық сәулелерін қабылдайтын, зум кезінде суреттердің сапасын RYYB фильтрлер ауқымын алды. HUAWEI P40 Pro+ моделі жаңа перископты сызбадан құралған 100 еселік зуммен қамтылған. Мұның арқасында жарық сәулесі бес мәрте бейнеленеді, оның жолын 178%-ға арттырып, 10 еселік зумды қамтамасыз етеді. Жабдықталған оптикалық тұрақтылық негізгі модуль мен суперзум интеллектуалды алгоритм басқармасымен жұмыс істейді. Бұл OIS+AIS үш мәртелік тұрақтылық пен жарық аз кезінде фотосурет және бейнежазбаларды қолмен түсірген жағдайда оның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бет терісінің түсі мен бейнесін анықтау үшін мультиспектральді сенсордың түрлі-түсті температурасы мен түстерді 45%-ға анықтайтын ақ түстің балансын жөндеудегі интеллектуалды алгоритм жауап береді. Терең меңгеру алгоритмі жарық пен детализацияны жақсартатын оптимизацияны қамтамасыз етеді. HUAWEI P40 Pro мен HUAWEI P40 Pro+ боке әсерін ұқсататын және автофокус жұмысын қамтамасыз ететін көріністің тереңдігін анықтайтын 32 МП мен инфрақызыл камерамен жабдықталған. Фронталды камера тек автопортретті жасауға ғана емес, бет жүзді анықтау арқылы бұғаттаудан шығаруға да жауап береді. Инфра қызыл камера арқасында биометрлік анықтау жарыққа тәуелсіз.

HUAWEI P40 топтамасында алғашқы рет HUAWEI Golden Snap функциясы таныстырылды. Ол интеллектуалды алгоритм арқасында топтама ішінен ең жақсы кадрларды анықтайды. AI Remove Passerby мен AI Remove Reflection функциялары да жасанды интеллектты қолданып, қажетсіз объектілерді жойып, дайын кадрлар жасауға жол ашады.

Қалтадағы мықты видеокамера

HUAWEI P40 Pro мен HUAWEI P40 Pro+ модельдеріндегі 40 МП кинообъективте аса кең бұрышты объективі, 18 мм фокустық қашықтығы, 1/1.54 дюймді диагоналі бар, ол цифрлік айнасы бар камералар арасындағы 3:2 қашықтықты сақтайды. Бұл сенсор әр жеке пиксельге арналған экспозицияны жөндеуге, құрылғы кезеңінде HDR видео түсірілімін жасауға мүмкіндік береді.

Камерада қолданылған Sedecimpixel Fusion Technology технологиясы 4.48 нм суперпиксель көлеміндегі 16×1 ұяшықтарындағы пиксельдердің бірігуін (биннинг) қамтамасыз етеді. Бұл сенсордың сезімділігін ISO51200-ге дейін арттырып, бір секунд ішінде 7680 тәртібіндегі баяу бейнежазба түсіре алады.

Сонымен қатар, HUAWEI P40 топтамасындағы смартфондар бейнежазба түсірілімі кезінде боке әсерін ұқсатады. Кең диафрагмалы объектив кезіндегі түсірілім секілді артқы көріністі бұлдырлатып, кадрдағы негізгі бейнені алып, оны ашық түсті және анық қылады. Жеке телеобъективті модуль 4K көлеміндегі бейнежазба мен жоғары көлемдегі өшірілген объекті түсіруге мүмкіндік береді. Audio Zoom функциясы HUAWEI P40 топтамасының барлығында бар, ол объекті бір уақытта ұлғайту кезінде дыбысты жоғарлатады.

5G желісіне сымсыз қосылу

HUAWEI P40 топтамасындағы барлық смартфондар Kirin 990 5G процессор негізінде жасалған. Орнатылған 5G байланысы жоғары энергетикалық тиімділіктің, жасанды интеллект кезіндегі жоғары өндірістің және кеңінен таралған 5G жиіліктің болуына кепілдік береді. Құрылғы алдыңғы топтамадағы құрылғыдан жинақы пішінімен ерекшеленеді. HUAWEI P40 Pro мен HUAWEI P40 Pro+ модельдеріндегі 90 Гц жаңартылған жиілікті дисплей бар, ол жетілдірілген графикалық модульдерімен басқарылады. Сондай-ақ, бұл топтамадағы құрылғылар 160 МГц жиілігіндегі 2400 Гбит/с жылдамдыққа дейінгі Wi-Fi 6 Plus стандартына бейімделген. HUAWEI P40 Pro+ моделінде 40 Вт қуаты бар HUAWEI SuperCharge сымсыз қуат алу мүмкіндігі бар.

Бұл құрылғыға қосылған технологиядағы "Мультискрин" функциясы Windows ЖК мен Android платформаларымен байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Смартфонда сақталған файлдарды жеке компьютерде ашып, Windows қосымшалары арқылы көшіру, қабылдау, өзгертуге болады.

Әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан қосымша жасаушы мамандармен тығыз қызмет ете отырып, HUAWEI қолданушылары HUAWEI AppGallery ресми дүкені арқылы алуан түрлі қосымшаларын таба алады. Қолданушылар назарына HUAWEI Video, HUAWEI Music мен HUAWEI Reader, кітапхана секілді қосымшалардағы түрлі ақпаратты ұсынады. Ақпарат әр кез HUAWEI компаниясымен бірге тұрақты қызмет ететін серіктестердің арқасында толықтырылады.

HUAWEI P40 Pro+ бас моделінде қосымша сыйлық ретінде Swarovski тастарымен безендірілген смартфон қаптамасы беріледі. HUAWEI P40 топтамасымен бірге HUAWEI компаниясы сатылымға HUAWEI WATCH GT2e ақылды сағаттарын, HUAWEI Sound X динамигін және қолданушылардың күнделікті өмірінің жайлылығын қамтамасыз ететін жаңа өнім HUAWEI X GENTLE MONSTER Eyewear көзілдірігін шығарды.

HUAWEI жайлы

HUAWEI компаниясының өнімдері мен қызметтері әлемнің 170-тен астам елдерінде баржәне ғаламшардың үштен бір бөлігі қолданып келеді. Қазақстанда бұл компания 1998 жылдан бері қызмет етеді және үш бизнес-топта таныстырылған. Huawei Carrier қазақстандық байланыс операторларымен қызмет етеді. Huawei Consumer смартфон, ноутбук, планшет, аксессуарлар мен тасымалдау құралдар өндірісімен айналысады. Huawei Enterprise корпоративтік клиенттерге IT-құрылғылар мен жұмыс кезеңін жақсартатын шешімдерді ұсынады.

Серіктес материалы