Әлемде ең көп сатылған смартфон

Omdia басылымының сарапшылары зерттеу жүргізіп, әлемдегі ең танымал смартфонды анықтады.

2020 жылдың алғашқы тоқсанында әлем халқы iPhone 11 смартфонын өзгелерге қарағанда көбірек сатып алған. Үш айда Apple компаниясы 19,5 миллион iPhone 11 сатқан. Бұл өткен жылдағы XR сатылымымен салыстырғанда алты миллионға көп көрсеткіш. 

"Apple iPhone 11 смартфонында баға мен сапа арасындағы байланысты дұрыс орнатты. Бұл смартфонға деген қызығушылықтың артуына себеп болды", - деп жазды Omdia басылымы.

iPhone 11-ден кейін Samsung Galaxy A51 смартфоны жайғасқан. Әлем бойынша алғашқы үш айда 6,8 миллион гаджет сатылып кеткен. 

Үштікті Xiaomi компаниясының Redmi Note 8 смартфоны түйіндеді. Ал үздік ондыққа Apple мен Samsung компанияларының соңғы өнімдері енді.

Сондай-ақ, AnTuTu бенчмаркы биыл көктемдегі арзан сегментті үздік смартфондар рейтингін жаңартты. Рейтинг ондығында бастан-аяқ қытайлық смартфондар орналасқан.

Бірінші орында Oppo Reno3 5G смартфоны тұр. Ол 405 159 балл иеленген. Екінші орынға Honor 30S орналасқан. Үштікті Vivo S6 5G қорытындылап тұр.

Бөлісу: