Негізгі / Лайфстайл / Техно / Ғалымдар селфи арқылы гемоглобин мөлшерін анықтайтын қосымша жасады
Ғалымдар селфи арқылы гемоглобин мөлшерін анықтайтын қосымша жасады

Индианаполис университетінің ғалымдары гемоглобин мөлшерін селфи арқылы анықтайтын қосымша жасады

Қандағы гемоглобинді өлшеу – медицинадағы ең маңызды әрі көп жасалатын анализ. Ол біраз ауруды бастапқы сатысында-ақ анықтауға көмектеседі. Ғалымдар бұл анализді жылдам әрі жеңіл жасаудың жолын іздеген.

Олар арнайы бағдарламалық жасақтама дайындаған. Бағдарлама смартфон камерасын гиперспектрал томографқа айналдырады. Ол гемоглобин мөлшерін көз қабағы арқылы анықтайды. Бұған арнайы аппарат немесе аксессуар да керек емес. Жобаға тест жасағанда оның қателесу ықтималдығы 5-10% деп бағаланған.

Қосымша әлі де жетілдіріліп жатыр. Себебі оған клиникалық сынақ жасалмақ.

Дайындаған: Massaget

Қосылған күні: 23 мамыр, 13:12