Эверестте 5G ұялы байланыс станциясы іске қосылды

Эверестте 5G ұялы байланыс станциясы іске қосылды
Фото: explica.co

Әлемдегі ең биік шыңда 5G ұялы байланыс станциясы іске қосылды. Бұл станция Гималайдың әлемдегі ең биік шыңын мобильді байланыспен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Синьхуа хабарлады.

China Mobile ұялы байланыс операторына тиесілі станция теңіз деңгейінен 6500 метр биіктікке орнатылғанған.  Ол Эвересттегі базалық лагерьдің жанында орналасқан.

"Жаңа станция, бұрын 5,300 және 5800 метр биіктікте салынған станциялармен бірге, Эвересттің солтүстік жағы мен шыңын 5G сигналымен толығымен қамтамасыз етіеді", - делінген хабарламада.

Т. Раушанұлы