Қызық 5 мобильді ойын

Заманауи смартфондардың дамуымен мобильді ойындардың сапасы арта түсті. Қазірдің өзінде PlayStation не компьютер арналған ойындардан кем түспейтіндері бар. Назарларыңызға бұрын-соңды ойнамаған, бірақ еліктіріп әкететін 5 ойынның топтамасын ұсынамыз.

1. Oddmar (AndroidiOS)

Ойынның толық нұсқасы 5 доллардан аспайды. Ойынның ұзақтығы аз болғанымен, кез келген кезеңді қайта өтіп, көбірек жұлдыз жинауға болады. Тез жалықпайсыз, өйткені ойын шытырманға толы. Бас кейіпкер Оддмар Вальхалда өзінің орнын тапқысы келеді, алайда жолында небір кедергілерге кездеседі.

2. Sky: Children of the Light (AndroidiOSNintendo Switch)

Бір қарағанда қызық емес болуы мүмкін, алайда ойынның негізгі шартын үйренген соң шытырман оқиға басталады. Кеңістікте қалқып жүріп, қажетті сәулені іздейсіз. Кейде кезеңді өту үшін күшіңіз жетпеуі мүмкін, мұндайда достарыңыздан көмек сұрай аласыз. 

3. Mindustry (AndroidiOSбасқа платформалар)

Mindustry ойынын кейде Factorio-ның жақсартылған нұсқасы деп жатады. Ұқсастығы болғанымен, айырмашылығы көбірек. Ойында жаудан қорғанып, қажетті қорды жинап, құрылыспен айналысу қажет. Достарыңызбен бірігіп не бір-біріңізге қарсы ойнауға да мүмкіндік бар.

Ойынды бастағанда үйрену кезеңін өткізіп алмаңыз, өйткені ойынның мағынасын түсіну қиынға соғады. Ал бір үйренсеңіз, уақыттың қалай өткенін байқамай да қаласыз.

4. Mini Metro (AndroidiOS)

Mini Metro ойынының тегін нұсқасы жоқ, бірақ ойын бар болғаны 1 доллар тұрады. Осы күнге дейін Mini Metro ойыны мүмкіндік болған барлық марапатты иеленді десек артық айтпаспыз.

Мақсат біреу: күн өте дамып келе жатқан қаланың метро желісін үлкейту. Жаңа жолдар салып, ескісін жөндеуден өткізуге болады. 

5. Sonic Forces (AndroidiOS)

Биыл көгілдір экранға шыққан Сониктің ойыны да бар. Sonic-тің жылдам жүгіретінін бәріміз білеміз. Ойында сіз өзге ойыншылармен интернет арқылы жарысасыз.