Жаңа HUAWEI P40 lite смартфондар сериясы Қазақстан нарығына шықты

Жаңа HUAWEI P40 lite смартфондар сериясы Қазақстан нарығына шықты

HUAWEI компаниясы шаршы камерасы бар HUAWEI P40 lite пен үш еселенген камерасы бар HUAWEI P40 lite Е смартфондарын ұсынады. Екі смартфон 48 МП негізгі объективпен және 120 градус шолу бұрышы бар 8 МП кеңбұрышты объективпен жабдықталған. Сонымен бірге бұл құрылғыларда фронт камера, жарқын дизайн, жоғары өнімділік пен ұзақ уақытқа арналған қуатты батарея бар. P40 lite сериялы смартфондарға HUAWEI (HMS) мобильді сервистері орнатылған, оның ішінде HUAWEI AppGallery қосымшалардың фирмалық дүкені бар.

HUAWEI P40 lite

Жасанды интеллекті бар шаршы камера

48 МП шаршы камерасында бірнеше сериялық кадрларды біріктірудің арқасында қанық түсті сақтап сурет түсіруге мүмкіндік беретін заманауи мультикадрлық композиция бар. 120 градус шолу бұрышы бар ультра кең бұрышты 8 МП линзасы пейзаждар мен сәулет түсіру үшін және топтық фото үшін қолайлы. Макролинза 4 см қашықтықтағы нысандарға шоғырлана алады.

HUAWEI P40 lite шаршы камерасында штатив көмегінсіз, түнгі уақытта Super Night Mode түнгі түсіру режимі бар. Видео түсіру үшін HUAWEI P40 lite жасанды интеллекті бар әлеуметтік желілерге арналған контент жасауға мүмкіндік беретін фондық музыка қосу мен бейне кесу үшін бейнередактор орнатылған. Сонымен бірге ISP процессорларының төртінші буыны бағдарламалық қамтамасыз етумен бірге шуды азайту және ұзақ төзімді түзету сияқты бірқатар жаңартуы бар.

Жарқын дизайн мен түнгі селфи

HUAWEI P40 lite фронт камераға арналған кескіш экраны бар. 6.4 дюйм экраны кеңейтілген түс гаммасы бар Full HD+ ажыратымдылығын қолдайды және құрылғы бетінің 90.6% алады.

HUAWEI P40 lite фронт камерасы жарық берудің әртүрлі жағдайларында кадрлар үшін Super Night Selfie 2.0 селфи түнгі түсіру режимімен толықтырылды. Жасанды интеллект алгоритмдерін пайдалана отырып, камера қанық селфи жасауға көмектесу арқылы нысан мен фонды оңтайландырады.

HUAWEI P40 lite артқы панелі қорғаныс қабатындағы металл бликтерімен толықтырылған. Дөңгелектелген шеттерінің арқасында смартфон қолыңызда ыңғайлы. Модельде смартфон құлпын тез ашуға мүмкіндік беретін саусақ ізі сканері бар бүйір түймесі қолданылады.

Жоғары өнімділік

Смартфондарға арналған чиптерді өндіру процесі олардың өнімділігі мен қуат тұтынуына тікелей әсер етеді. Компания Kirin 810 процессорын 7-нм процессор базасында ұсынған. 8-нм чиптермен салыстырғанда Kirin 810 транзисторларының тығыздығы 50%-ке көп, ал энергия тұтыну 20%-ке аз, бұл жоғары өнімділік пен энергия тиімділігін қамтамасыз етеді.

Сегіз ядролы орталық процессор мен Mali-G52 MP6 графикалық процессорының интеллектуал жоспарлаумен бірге қуатты есептеу мүмкіндіктері бар және графикалық детализацияны өңдей алады. Мұнда сондай-ақ күту уақытын қысқартатын GPU Turbo технологиясы да бар. 8 ГБ жедел жады смартфонның қосымшаларды іске қосқанда, бейнероликтерді редакциялағанда немесе ауыр ойындарды ойнағанда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Смартфон HUAWEI SuperCharge 40 Вт жылдам зарядталатын 4200 мА•сағ қуатты аккумуляторымен жабдықталған, оның арқасында ол 30 минут ішінде 70%-ке дейін қуат алады.

Жаңартылған интерфейс

HUAWEI P40 lite смартфонына барлық қажет функцияға ие EMUI10 жүйесі орнатылған. Жүйеде қараңғы режим жаңартылған және қолданушы ыңғайына қарай бейімделе түскен.

HUAWEI P40 lite E

Жасанды интеллекті бар үш еселенген камера

HUAWEI P40 lite E негізгі 48 МП объективі бар үш камераға және жоғары тұнық суреттерді түсіруге мүмкіндік беретін f/1.8 кең бұрышты диафрагмасына ие. Сонымен бірге бұл модель 120 градус шолу бұрышымен 8 МП ультра кеңбұрышты объективпен жабдықталған, ол пейзаж режимдерін, топтық фото және видео түсіре алады. Сондай-ақ кесу тереңдігі үшін 2 МП қосымша сенсоры бар.

HDR режимінде үш сериялық кадр бір-біріне біріктірілген, бұл үлкен динамикалық диапазоны бар суреттерді жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ HUAWEI P40 lite E камераға 500 сахнаны тануға мүмкіндік беретін AI Scene Recognition технологиясымен жабдықталған. Сонымен бірге пайдаланушылар 480 fps кадр жиілігі бар видео түсіре алады – бейне 16 есе бәсеңдейді.

Жасанды интеллекті бар 8 МП фронт камерасы жақтаусыз экранның сол жақ жоғарғы бұрышында орналасқан. Арнайы портрет режим бет ерекшелігіне сәйкес селфи жасайды. Алдыңғы камера құрылғыдағы құлыпты жылдам ашу үшін Face Unlock 2.0 функциясын пайдаланады.

Жарқын дизайн мен үлкен көлемді жады

Құрылғының артқы панелі жарқырау әсерін жасайтын жарық шағылыстыратын қабатпен жабылған. Бүйір жақтауы құрылғының алдыңғы және артқы панелін жіксіз жалғайды.

HUAWEI P40 lite E смартфонында карталарға арналған үш слот бар: Dual SIM технологиясын қолдайтын екі слот және microSD картасымен 512 Гб дейін жадты ұлғайтуға арналған бір порт. Сонымен бірге HUAWEI P40 lite E артқы панелінде саусақ іздерін анықтайтын сканері бар.

HUAWEI P40 lite E диагоналі – 6.39 дюйм, жіңішке жақтаулары бар және жақтауларының қатынасы – 19,5:9. Экран HD+ 1560x720 нүктелерін қолдайды және ең ұсақ бөлшектерді көрсетеді. Экран алдыңғы панельдің 90%-ін алады, бұл кескінді барынша жайлы көруге мүмкіндік береді.

Теңдестіру және ұзақ жұмыс

HUAWEI P40 lite E Kirin 710F жүйесінің негізінде EMUI 9.1 зияткерлік қабығында жұмыс істейді. Жаңа модельде жүйелік оңтайландыру бар. Мысалы EROFS файлдық жүйесі және full Scene Acceleration технологиясы. Ол қосымшалардың, жадының және жүйенің өнімділігін арттырады. 4000 мА•сағ жоғары сыйымды батарея және жасанды интеллекті бар энергия үнемдеу технологиясы батареяның ұзақ жұмысын қамтамасыз етеді. 

Тиімді баға

HUAWEI P40 lite бағасы – 149 990 теңге, HUAWEI P40 lite E бағасы – 99 990 теңге. Алдын ала тапсырысты 2020 жылдың 1 мамырынан бастап беруге болады. Смартфондар сатылымға 11 мамырда шығады.

Қазақстанда ұсынылған құрылғылардың түстері:

HUAWEI P40 lite: қара, қызғылт және ашық жасыл;

HUAWEI P40 lite E: қара және ашық көк.

Жаңа смартфонға алдын ала тапсырыс берген кезде 10 000 теңге жеңілдік жасалады. Ал HUAWEI P40 lite сатып алған жағдайда сыйлыққа HUAWEI Band 4 фитнес-білезіктері беріледі.

Алдын ала тапсырыс туралы ақпаратты consumer.huawei.com/kz/ сайтынан және Huawei Mobile Kazakhstan-ның Instagram, Facebook, Telegram, VK және YouTube парақшаларынан біле аласыз.

Серіктес материалы

Massaget