Huawei смартфонын сатып алғандар фитнес-білезік сыйға алады

Huawei компаниясы "Superpromo Huawei" акциясын бастайды. Акция аясында жаңа Huawei смартфонын сатып алғандарға Huawei Band 4/4e фитнес-білезіктері сыйға беріледі. Акция 24 сәуірде басталды.

Huawei Y5 2019, Huawei Y6 2019, Huawei Y7 2019, Huawei P Smart 2019 модельдерін сатып алғандарға Huawei Band 4e фитнес-білезігі сыйға беріледі. Ал Huawei P Smart Z, Huawei P30 lite смартфондарының жаңа иесіне Huawei Band 4 фитнес-білезігі сыйланады. Әр екі апта сайын модельдер тізімі жаңартылып отырады.

Huawei Band 4 фитнес-білезігі 0,96 дюймдік, TFT-дисплейге ие. Сонымен бірге дисплейді сағатбаудан шешіп, USB арқылы қуаттауға болады. Жаттығу режимінде Huawei Band 4-ті бір аптаға дейін қуаттаусыз қолдануға болады. Ал күту режимінде толық қуат 20 күнге жетеді.

Жүрек қағысын қадағалайтын TruSeen 3.5 технологиясы BPM (бір минутта жүрек қысылуы) көрсеткішін көруге болады. Сонымен бірге жүрек ритмінің бұзылуын діріл арқылы хабарлай алады. HUAWEI TruSleep™ 2.0 технологиясы болса, интеллектуал алгоритм мен деректер анализін қолданып тамыр арқылы ұйқы сапасын анықтап береді. Білезіктің интеллектуал қабілеті арқасында қолданушы ұйқы туралы есеп пен кеңестер көре алады.

HUAWEI Band 4 білезігі 5 АТМ судан қорғайтын қабатқа ие және смартфон камерасының пульті қызметін де атқарады. Енді смартфон дисплейіне жанасай-ақ сағат арқылы суретке түсіруге болады.

24 сәуірде басталған акция арқылы сыйлық алу үшін сайттағы арнайы акцияға тіркелу керек.

Cеріктес материалы