Карантин кезінде Netflix-ке 16 миллионға жуық қолданушы тіркелген

Карантин кезінде Netflix-ке 16 миллионға жуық қолданушы тіркелген
Фото: vk.com

Netflix платформасына жазылушылар саны 2020 жылдың басынан бастап әлем бойынша 15,8 миллионға өсті.

Бұл компанияның болжамынан екі есе көп. Мысалы 2019 жылдың соңғы үш айында жаңа жазылушылардың саны бар болғаны 8,8 миллионды құрады. Соңғы деректер бойынша, платформаны пайдаланушылардың жалпы саны қазір 183 миллионнан асады. 

COVID-19-ға байланысты бүкіләлемдік карантин режимінің енгізілуі онлайн бағдарламалар ұсынатын платформаларға деген қызығушылықты күрт арттырды. Пандемия Netflix тарихында бұрын болмаған аудитория өсімінің қарқынына себеп болды. 

Алайда, компания көрсеткіштерге өте сақтықпен қарайды. Себебі карантин аяқталысымен, бұл қарқын күрт төмендейтіні анық. Ал қазіргі уақытта абоненттер саны өскенімен, екінші жағынан, жаңа жобалардың өндірісі тоқтатылды. Яғни, бұл контенттің шектеулі екенін білдіреді.

Т. Раушанұлы