Онлайн-олжа: Веб-парақшаның жүктелу жылдамдығын көрсететін PageSpeed сервисі

Онлайн-олжа: Веб-парақшаның жүктелу жылдамдығын көрсететін PageSpeed сервисі

PageSpeed – сайттардың, веб-парақшаның жылдамдығын 100 баллдық шкаламен көрсетіп, оптимизацияға кеңес беретін Google сервисі. Мұнда сайттың десктоп және мобайл нұсқасының жылдамдығын жеке-жеке көрсетеді.

Сервис жүктелу имитациясын жасап, жалпы көрсеткішті есептейді. 90 баллдан жоғары көрсеткіш жақсы деп бағаланады, 50-90 арасы – орташа, 50 баллға дейін болса, парақша өте жай жүктеледі.

Сервис көмегімен сайттағы ең бірінші контент қанша уақытта жүктелетінін, жүктелу жылдамдығының индексі сияқты цифрларды білуге болады. Сонымен бірге PageSpeed сайт оптимизациясына қатысты кеңес береді. Мысалы сервистің сайттарға жиі беретін кеңесінің бірі мынадай:

"Суреттердің заманауи форматын пайдаланыңыз. JPEG 2000, JPEG XR және WebP сияқты форматтар PNG мен JPEG-ке қарағанда тез жүктеледі және трафикті азырақ құртады".

Өзге онлайн-олжалар

Massaget.kz