5 үздік құпиясөз менеджері

5 үздік құпиясөз менеджері
Фото: pcmag.com

Авторизацияны қажет ететін сайт пен сервис артқан сайын есте сақтайтын құпиясөздер де көбейеді. Ал бір құпиясөзді барлығына пайдалану – қауіпті. Мұндайда құпиясөздерді бір жерге жинайтын құпиясөз менеджері көмектеседі. Appdate Media ұжымы Android смартфондарына арналған ең үздік құпиясөз менеджерлерін топтастырды.

LastPass

LastPass – ең танымал құпиясөз менеджерінің бірі. Сервистің синхронизация көлеміне қарай ақылы және тегін нұсқасы бар. Тегін нұсқасының өзі қолданушының барлық қажетін өтейді.

Стандарт функциясынан бөлек, сервис қай құпиясөздің қайталанғанын, ескіргенін ескертіп отырады.

1Password

LastPass бәсекелесі 1Password Chrome, Firefox, Safari, Edge және Opera браузерлерінде "логин-құпиясөзді" автомат түрде толтыра алады. Сонымен бірге менеджер қиын құпиясөздерге генерация жасап, банк карталарының құпиясөзін сақтай алады.

Сервистегі құпиясөздерді шифрлап, Google Дискке көшіріп алуға болады. Менеджер алғашқы 30 күн тегін.

Dashlane

Dashlane – өзін жақсы жағынан көрсете білген жаңа сервис. Тегін нұсқасында құпиясөз саны шексіз, бірақ синхронизацияны 50 есеп жазбасына ғана пайдалануға болады.

Enpass

Enpass есеп жазбаларын өз серверлерінде емес, әр қолданушының құрылғысында сақтайды. Сөйте тұра синхронизациясы да бар. Ол үшін сервис Google Drive, Dropbox, OneDrive-ты пайдаланады.

RememBear

RememBear – қарапайым сервис. Тегін нұсқасында тек бір құрылғыға арналған. Басқа құрылғымен синхорнизация жасау үшін ақылы нұсқасын пайдалану керек.

 
Massaget.kz