Медициналық маска экологиялық проблемаға әкелуі мүмкін

Медициналық маска экологиялық проблемаға әкелуі мүмкін
Фото: Freepik

СOVID-19 пандемиясы кезінде бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптарды пайдалану миллиондаған адамдар өмірінің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді.

Медициналық маскалар, қорғану костюмдері мен қолғаптар бүкіл әлемде күнделікті қолданылатын затқа айналды. Алайда, оларды жою күнделікті тұрмыста қарастырылмаған.

Маскалар мен қолғаптар арнайы қарастырылған жерлерге тасталмаса, екі есе қауіп төндіреді деп есептейді мамандар. Бұл тұрмыстық қоқыстарды шығару және кәдеге жаратумен айналысатын коммуналдық қызмет жұмыскерлері үшін қауіпті. Вирус қолданылған маскалардың, қолғаптардың және басқа да қорғаныс құралдарының бетінде сақталуы мүмкін.

Сонымен қатар, жеке қорғану құралдары, әдетте, биологиялық ыдырайтын материалдан жасалмайды. Әсіресе, резеңкеден жасалған қолғаптар далаға тасталса, олар қоршаған ортаны ластайды. Қазақстан қалаларында пайдаланылған қорғану құралдарын жинау пункттері ұйымдастырылған. 

 
А. Рысдәулет