Нидерланд Еуропаның бес қаласын Hyperloop желісі арқылы байланыстырады

Нидерланд Еуропаның бес қаласын Hyperloop желісі арқылы байланыстырады
Фото: Guardian

Hardt Hyperloop стартапы Солтүстік Голландия әкімшілігімен бірлесе отырып Еуропаның бес қаласы – Амстердам, Париж, Брюссель, Дюссельдорф және Франкфуртты бір-бірімен байланыстыратын вакуумды пойыздар желісін құруды жоспарлап отыр.

"Нидерландтың Hardt Hyperloop стартапы Солтүстік Голландия провинциясының әкімшілігімен бірлесіп, вакуумдық түтікте қозғалатын магниттік жастықтағы капсулалардың артықшылығын көрсететін зерттеу жүргізді. Амстердамнан Париж, Брюссель, Дюссельдорф немесе Франкфуртқа дейінгі жол жүру уақыты сағаттан минутқа дейін қысқаруы мүмкін. "Шекаралар сөзсіз жоғалады", - дейді зерттеушілер.

Мысалы, Амстердамнан Брюссельге 30 минутта, Парижге бір жарым сағатта жетуге болады, деп жазады Guardian.

Пандемиядан туындаған экономикалық дағдарыс жойылса да, мұндай жобаның экономикалық тиімділігі мен техникалық мүмкіндігі әлі күнге дейін күмән тудырады. Скептиктер басқа көлік ойлап тапқаннан гөрі, қолданыстағы көлік түрлерін модернизациялаған дұрыс деп есептейді.

Алайда, Солтүстік Голландияда транспортқа жауапты Джерен Альтофқа Еуропаның бес қаласын бір-бірімен байланыстыру идеясы қатты ұнаған.

Зерттеушілер уақытты үнемдеу провинцияның ІЖӨ-ін 121 пайызға немесе 275 миллиард еуроға арттырады деп есептейді. Сонымен бірге 2040 жылға қарай Схипхол әуежайынан рейстер саны айтарлықтай қысқарады, бұл жаһандық жылынуға қарсы күресте өте маңызды.

Серіктестер зерттеу жұмысын жалғастырады және 2013 жылы Илон Маск ұсынған жобаның маңызы туралы басқа агенттіктермен қосымша кеңес өткізеді.

Айта кетейік, "Hyperloop" – бағытының басы мен соңын ұстап тұратын паралель трубадан құралған жер үсті жолаушы пойызы. Труба ішінде ұзындығы 25-30 метрлі капсула сағатына 480-1220 километр жылдамдықпен қозғалып отырады. Жобадағы капсулалар аралығы бар-жоғы 30 секундтық қашықтыққа ие.

Инженерлер екі тасымал көлігін ұсынды. Бірі – жолаушы таситын пойыз, екіншісі жүк таситын пойыз. Жолаушылар пойызына 28 адам сыяды, жүк тасымалы пойызына көлемі 3 машинаға тең жүк сыйып кетеді. 

"Hyperloop" толықтай вакуум пойыз емес. Пойыздың қозғалысқа түсуі үшін 100 Паскаль қысым керек. Капсула линиялы қозғалтқышпен қозғалады. Әр 110 километрге орнатылған ұзындығы 15 метрге тең алюминий рельс статор міндетін атқарады. Ротор капсулаға орнатылады. Оның тұрақты қуаты 100 килоВаттқа тең. Бұдан басқа капсулаға 1,5 тонналық аккумулятор орнатылады. Аккумулятор қуаты 45 минутқа жетеді.

Т. Раушанұлы