Экзоқаңқамен адам 7 есе жылдам жүгіреді

Жылдам жүгіру адамзат өмірінде ежелден бері маңызды. Мысалы, Марафон ұғымы 490 жылы гректерге МАРАФОН шайқасы кезінде өз әскерлерінің жеңісі туралы хабарлау үшін Марафоннан Афинаға дейін жүгіріп келген аты аңызға айналған грек жауынгерінің батырлығын еске түсіреді. 40 шақырымнан астам жолдан жүгіріп келіп, өзіне берілген бұйрықты орындаған жауынгер жерге құлап мерт болған. Содан бері әлемнің түкпір-түкпірінде марафон ұйымдастырып тұрады. Бірақ жүгіру оған дейін де адам өмірінде маңызды болғаны анық.

Усэйн Болт жүгіріп бара жатып та жымиып суретке түседі

Әлемдегі ең жылдам адам – Усэйн Болт. Ол 100 метр қашықтықты 37,5 шақырым жылдамдықпен жүгіріп өткен. Ғалымдар енді әдеттегіден де жылдам жүгірудің үстінде бас қатырып түрлі тәжірибелер жасау үстінде. Мысалы, жақында АҚШ-тағы Вандербилт университетінің мамандары әдеттегіден 7 есе жылдам жылдамдықпен жүгіруге мүмкіндік беретін жаңа құрылғы ойлап тапқан. Бұл механизм дұрыс қолданылған кезде адамның жүгіру жылдамдығы велосипедпен теңескен. Ол секундына шамамен 20,9 метр жүгіруді білдіреді.

Адам велосипеттен де жылдам жүгіруді үйренеді

Экзоқаңқа дегеніміз – бұл адамның денесіне киілетін және физикалық белсенділікті жеңілдететін құрылғы. Мысалы, экзоқаңқа кигенде, адам жылдам әрі ұзақ жүгіре алады, салмақ көтеріп, биіктікке секіру оңайырақ. Бұл құрылғылар әсіресе әскери және құтқарушылар үшін пайдалы болуы мүмкін.

G.I. Joe: The Rise of Cobra филміндегі экзоқаңқалар фантастикадан реалға айналуы мүмкін

Қалай жылдам жүгіруге болады?

Кез келген адамға велосипедтің жылдамдығын бере алатын ерекше экзоқаңқа – бұл жұмыс принципі серіппеге өте ұқсас жүйе. Ерекше құрылғының негізіне айналған арнайы серіппе механизмі төменгі аяқтың жұмысында проблемаларға тап болған адамдарға таптырмас қолдау көрсете алады. Экзоқаңқа сынақ кезеңінен өтсе де, әзірлеушілер олардың прототипі келесі жылда дайын болады деп мәлімдеді.

"Біздің жұмысымыздың нәтижесі құтқару жұмыстары мен құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарту үшін ғана емес, сонымен бірге адамдар жылдамдығы жоғары болатын жерлерде де арнайы жасақталған құрылғылардың жаңа буынын құруға әкелуі мүмкін", -  дейді зерттеушілер.

Құрылғының жұмыс істеу тетігі қарапайым велосипедтің жұмыс істеу принципіне негізделген, оның педальдары алға жылжуға көмектеседі, деп жазады Sciencealert.com. Алайда, аяқтарын жоғары-төмен қозғалтып, велосипедпен жүретін адам педальдарды басқанда ысырап болатын көп пайдалы уақытын жоғалтатынын білмейді.

Болашақта экзоқаңқалар адамдарға жылдам жүгіру мен ауыр жүк көтеруге көмектеседі

"Жоғалған" уақытты қалай тиімді өткізуге болады? Экзоқаңқа жасаушы ғалымдар жұмыс істеу принципі катапультаға ұқсас серіппелі қондырғыға тәжірибе жүргізу арқылы түрлі концепцияларды зерделеді. Қорытынды теория бойынша, аяқтар еш қимылсыз-ақ пайдалы әрекет жасай алады, мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін аяққа қос серіппе қондырылады.

Алайда, мұндай идея ғасырдан астам уақыттан бері бар болса да, бұл тиімді емес. Бұрын тиімсіз технологияны жетілдіру және энергия серіппенің өзгеруінен қалай бөлінетінін тексеру үшін зерттеушілер прототиптік құрылғыны компьютерде модельдеуге шешім қабылдаған.

Арнайы серіппемен істейтін экзоқаңқаның жұмыс механизмі. © sciencealert.com

Қаазіргі күнде экзоқаңқаны жетілдіретін біраз мәселелері бар. Бірақ оны жасаушылар алдағы уақытта серіппенің жылдамдығын әлі де арттырамыз деп отыр.

Болашақта бұл құрылғы да қарапайым аяқкиімге айналып, оған қатысты спорттың жаңа түрлері пайда болуы әбден мүмкін.