Америкалық мұғалім геометрия сабағын Half Life: Alyx ойынымен өтті

Сан-Диеголық ұстаз Чарльз Кумбер 7-сынып оқушыларына геометрия сабағын Half Life: Alyx VR-ойынын пайдаланып өтті.

Teaching 7th graders online in Half Life Alyx (VR)#tlap @SteamVR @Steam #HalfLifeAlyx #edtech #CoronavirusLockdown #edutwitter https://t.co/U3WVFjaoXD

— Charles Coomber (@CharlesCoomber) March 24, 2020

Коронавирус салдарынан АҚШ-тағы мектептер қашықтан оқу режиміне ауысты. Сондықтан Кумбер геометрия пәнінің бір сабағын виртуал ойынды пайдаланып өткен. Мұғалім жаңа шыққан Half Life: Alyx ойынын пайдаланған. VR-ойынның бастапқы локациясында интерактив әйнек, түрлі түсті маркер мен ысқыш бар. Кумбер осы құралдарды пайдаланып оқушыларға геометриялық бұрыш түрлерін, терминдерін түсіндіріп, жаңа формулаларды көрсеткен. Оқушылар 17 минут болған сабақты Кумбедің стримінен қараған.

Valve компаниясы шығарған Half-Life: Alyx ойыны 23 наурызда жарық көрді. Оны тек VR-құрылғысы барлар ғана ойнай алады.