Илон Маск коронавирусқа қатысты не ойлайтынын айтты

Аэроғарыштық SpaceX компаниясының негізін қалаушы және Tesla-ның басшысы Илон Маск коронавирус инфекциясының таралуына қатысты өз пікірін жазды.

Ол вирус кесірінен әлем бойынша орнаған мазасыздықты ақымақтыққа балады. Твиттер желісіндегі бұл сөйлемді Маск ешқандай мысалмен негіздемеген.

Оның жазбасына пікір қалдырғандар коронавирустың 5 наурыз күні Калифорния территориясынан да табылғанын, бұл Масктың компанияларының акциясының күрт төмендеуіне айтарлықтай әсер еткенін атап өткен. Кей жазылушылар қаңтар айында Қытайдағы Tesla Gigafactory жұмысының тоқтап қалғанын да айтады. Ол аккумуляторлар мен Model 3, Model Y автомобильдерін шығаратын зауыт болатын.

Көпшілік Илон Масктың жазбасын бизнесінің құлдырауына наразылық ретінде қабылдады.