Онлайн-олжа: Сілтемені қысқартатын сервистер

Онлайн-олжа: Сілтемені қысқартатын сервистер
Фото: freepik.com

Кейде белгілі бір сілтемнің символ тым көп болуы мүмкін. Оны жариялау немесе біреуге жіберу ыңғайсыз әрі тартымсыз болуы мүмкін. Мұндайда сілтемелерді қысқартатын онлайн-сервистер кәдеге жарайды.

Bitly.comU.toClck.ru сияқты сервистер қазір көп қолданылады.

Сілтемені қысқартатын сервистердің артықшылығы – ондаған символды 6 символға қысқартады, ықшам, ыңғайлы, сілтемеге басқандардың саны көрінеді, ал кемшілігі – сол статистика өзгелерге де көрінуі мүмкін. Мұндайда ақылы немесе ішкі инструменттері бар сервистерді пайдалану керек.

Сілтеме қысқартатындарға аналог ретінде бірнеше сілтемені топтап, бір сілтеме етіп беретін The Urlist сервисін де пайдалануға болады. Мысалы theurlist.com/ahmetbaitursyn сілтемесі арқылы бірден 3 сілтемеден тұратын тізімге өте аласыз.

Онлайн-олжа: Көп сілтемені бір сілтемеге қалай топтастыруға болады?

 
Massaget.kz