Коронавирусты 20 секундта анықтайтын жасанды интеллект пайда болды

Коронавирусты 20 секундта анықтайтын жасанды интеллект  пайда болды
Фото: mobygeek.com

Қытайлық Alibaba компаниясы коронавирус (COVID-19) жұқтырғандарды анықтайтын жасанды интеллект өнімін шығарды. Ол 96% дәлдікпен жұмыс істейді, - деп хабарлайды The Next Web.

Жасанды интеллект көкірек қуысына жасалған компьютер томографиясы негізінде COVID-19 инфекциясын анықтай алады. Бұған 20 секунд уақыт кетеді екен.

Жүйе базасына коронавирус жұқтырған 5000 адамның томографиясы жүктелген. Жасанды интеллектінің алгоритмі соған қарап жұмыс істейді. Қазір жүйені Қытайдағы 100 шақты медицина мекемесі пайдаланып жатыр.

Осыған ұқсас жүйені Ping An компаниясы ұсынды. Ол 15 секундта диагностика жасап, 90% дәлдікпен инфекцияны анықтай алады. Оны 1500-ден аса медицина мекемесі қолданып жатыр.

Коронавирустан қорғанудың қандай амалдары бар?

Massaget.kz