Ең жылдам ғаламтор қай елде?

WebsiteToolTester компаниясының есебіне қарағанда, әлемдегі ең жылдам ғаламтор желісі Тайвань, Сингапур, Джерси (Ла-Манш аралы), Швеция мен Дания елдерінде екен.

Одан кейінгі жиырмалыққа Жапония, Люксембург, Нидерланды, Швейцария, Норвегия, Андорра, Испания, Бельгия, АҚШ, Латвия, Жаңа Зеландия, Эстония, Гонконг, Венгрия мен Литва елдері енеді.

Ал бұл тізімде Қазақстан 207 елдің ішінде 112-орында тұр. Әзірбайжан 140, Қырғызстан 154, Моңғолия 161, Өзбекстан 180, Ауғанстан 183, Тәжікстан 191, Түркіменстан 202-орындарға жайғасқан екен. Ал көрші Ресей 53-ші орында тұр.

Есеп мәліметтеріне сүйенсек, 5 гигабайт видеоны Қазақстанда жүктеп алу үшін 2 сағат 26 минут керек екен. Ал Ресейде 45 минутта жүктеп алуға болады.

Салыстыру үшін айтып көрейік, Тайваньда 5 Гбайтты жүктеп алу үшін 8 минут қана кетеді.