Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Қазақстанда i-Sanj атты виртуал диктор эфирге шықты

Қазақстанда i-Sanj атты виртуал диктор эфирге шықты

Қазақстанда i-Sanj атты виртуал диктор эфирге шықты

19 ақпан күні Atameken Business телеарнасында i-Sanj атты виртуал жүргізуші эфирге шықты. Ол экономика жаңалықтарын оқып, күнде эфирге шығып отырады.

24 сағат бойы үздіксіз жұмыс істеуге қабілетті жүргізушіге еңбек демалысы, еңбекақы, грим де қажет емес. i-Sanj деп аталатын голограмманның прототипі – актер Санжар Мәди.

Телеарна басшылығы маңызды бағдарламаларды жүргізуде адамдардың орнын виртуал жүргізушілер алмастыруға әлі қауқарсыз екенін айтты. Жоба нейрон желісін қолданатын жергілікті программистердің көмегімен жасалған.

"Мұндай экспериментті көрермен қалай қабылдайтынын, виртуал дикторға қаншалықты дайын екенін білу мақсатында жасадық. Бір жағынан, бұл – имидж жоба, қазір әлемде тірі жүргізушіні алмастырған мұндай бағдарламалар санаулы. Екінші жағынан, қазіргі аудиторияның сұранысын білеміз", - дейді телеарнаның бас директоры Қанат Сахария.

i-Sanj-дың алғашқы эфирін көрген Санжар Мәди өзінің інісін көріп тұрғандай әсер алғанын жеткізді. Актер кибер-жүргізушіге сәттілік тілеп, жауапкершілікті сезініп, өзін жерге қаратпауын өтінді. i-Sanj да әдемі әзілмен жауап берді.

Айта кетейік, алғашқы виртуал жүргізушіні екі жыл бұрын қытайлық China Xinhua News арнасы таныстырған еді.


0
Рейтинг: +3

Фото: inbusiness.kz
Қосылған күні: 20 ақпан, 11:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.