SpaceX қаржыны қалай үнемдейді?

Ғарышты зерттеу сіз ойлағандай оңай шаруа емес. Оған қоса көкке бір ғарыш кемесін ұшырудың өзіне бірнеше миллион доллар шығындалу қажет.

Уақыт өте ғарышты игерудің өзінде қаржыны үнемдеуге талпыныстар жасалып келеді. Мысалы SpaceX компаниясы Falcon 9 мен Falcon Heavy зымырандарының кейбір бөліктерін бірнеше мәрте қолдана алатындай етіп жасаған. Ал оларды Жерге қалай аман-есен түсіреді деп ойлайсыз? 2015 жылы компания ғарыштың маңызды бөліктерін Жерге зақым келтірмей қондыруды қолға алды. Алғашқы кезде бұл мүмкін еместей көрінген. Дегенмен ғалымдар тәжірибе жинақтап, зымыранның бөлігін мұхитта жүзіп жүрген платформаға қондыруды үйренді. Қазірге дейін SpaceX компаниясы 43 ғарыш сатысын қайтарып, оның 24-ін қайта аспанға ұшырды.

SpaceX қаржыны қалай үнемдейді?

Қазіргі таңда компания зымыранның маңызды бөлігі — бас ағызғышты бірнеше мәрте қолдануды қолға алған. Пішіні конус тәрізді бөлік зымыранның ең ұшында орналасқан. Ол ауа кедергісін азайтып, зымыранның көкке жылдам көтерілуіне себеп болады. Сондай-ақ ағызғыш жүкті ыстық температурадан қорғау қызметін атқарады.

Ағызғыш көміртекті талшық пен алюминийден жасалады. Оған қоса қиын электроникадан тұрады. Сол себепті бұл бөліктің құны $6 миллионды құрайды. Falcon 9 зымыранының жалпы құны $60 миллион болса, тек бас ағызғышы жалпы соманың 10% құрайды екен. Демек компанияны бұл құрылғына бірнеше мәрте қолдану арқылы бірталай қаржыны үнемдей алады.

SpaceX компаниясының бірнеше мәрте қолданылатын зымырандары

2019 жылдың сәуір айында SpaceX компаниясы Falcon Heavy тасығыш-зымыранын Жерге сәтті қондырды. Ғарыш аппараты GO Ms Tree деп аталатын арнайы жасалған кеменің үстіне орнатылған торға түсті. Бұл кеменің ұзындығы 62 метр, ені 10 метрді құрайды. Оған қоса ғарыш аппаратына басқарылатын парашют орнатылған. Бір айта кетерлігі, кеме қонарда екі бөлікке бөлініп кетеді.

Ал тамыз айында Falcon 9 тасымалдаушы кемесін ұшырып, орбитаға Spacecom AMOS-17 деп аталатын байланыс серігін жеткізді. SpaceX компаниясы бұл миссия үшін бір тиын да ақша алмаған.