NASA ғарыш құрылғыларын Жер орбитасында құрастырмақ

NASA ғарыш құрылғыларын Жер орбитасында құрастырмақ
Фото: NASA

NASA ғарыш агенттігі аппараттың уақытша тұрақтауына арналған Gateway станциясын жасауды қолға алды. АҚШ-тың ғарыш агенттігі Maxar Technologies компаниясымен жобаны әзірлеп, оны құрастыруға көшкен.

Ғарыш технологиясын жасаумен айналысатын компания АҚШ үкіметінен 142 миллион доллар қаржы алған. Бұл ақшаға Maxar Technologies Жер орбитасында серіктергі құрастыру мен өзге техникаларды жасау бойына жобаны жасайды.

2020 жылы ұшырылатын Restore-L құрылғысының екі робот қолы бар. Аталған жобаға сәйкес аппаратқа тағы бір бес метрлік қол жалғанады. SPIDER атауын алған робот құрылғыларды құрастырумен айналысатын болады.

Бәрі ойдағыдай өтсе, ғарыш аппараты Жер орбитасында бірінші үш метрлік антеннаны жасап көреді. Бұл міндеттеме SPIDER робот-қолына жүктелген. Антенна болашақта ғарыш станциялары мен аппараттарды Жермен байланысқа шығаратын болады.


Бұдан бөлек Restore-L ғарыш құрылғысы орбитада 10 метр болатын аппаратқа қажетті арнайы арқалықты жасайды. Ғалымдар Restore-L аталған бөлшекті Жер серігеннен үзіп алып, қайта орнына қоя алатынын тексеруді жоспарлап отыр. Бұл ашық орбитада ғарыш станциялары мен кемелерін жасауға деген бірінші қадам болмақ.

Бұған дейін SpaceX компаниясы апат болған жағдайда ғарышкерлерді қауіпсіз аймаққа шығара алатын  Crew Dragon капсуласын сынақтан өткізген болатынАҚШ агенттігі Commercial Crew атты жобасын бастады. Жобаның мақсаты - ғарышкерлерді Халықаралық ғарыш станциясына жеткізіп, қайта әкелетін арзан әрі сапалы аппарат жасап шығару. Бұл үшін NASA соңғы уақытта табысты жобалармен көзге түскен SpaceX компаниясымен бірге жұмыс істеуді жөн деп шешіпті.

 
А. Рысдәулет