Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Қазақстан KazSat жаңа Жер серігін жасау үшін 40 млрд теңге жұмсайды

Қазақстан KazSat жаңа Жер серігін жасау үшін 40 млрд теңге жұмсайды

Қазақстан KazSat жаңа Жер серігін жасау үшін 40 млрд теңге жұмсайды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев жаңа KazSat ғарыш аппаратының жұмысына 40 миллиард теңге қаржы жұмсалатынын мәлімдеді.

"Бүгінгі таңда біз ғарыш аппаратының сыртқы бейнесіне қатысты техника-экономикалық негіздеумен (ТЭН) айналысып жатырмыз. Бір шешімге келген соң, байқау жариялаймыз. Техника-экономикалық негіздеу – 40 миллиард шамасында. Бұған ғарыш аппараты мен оның жұмысын бақылайтын және Жермен байланыс жасайтын өзге де шығындар жатады", - деп келтіреді Асқар Жұмағалиевтің сөзін Tengrinews.kz сайты.

Министрдің айтуынша, құжатқа байланысты барлық мәселе шешілген. Жақын уақытта байқау жарияланып, бас мердігер анықталады.

KazSat алғашқы жерсерігі 2006 жылы 18 маусым күні Байқоңырдан ұшырылды. Аса маңызды тари­хи салтанатқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Пре­зиденті Владимир Путин қатысты. Қараша айында KazSat жер бе­тіне жиілетіп телехабарлар таратып, жедел интернет-коммуникация қыз­мет үлгілерін көрсете бастады.

2007 жыл­дың аяғында да қазақстандық Жер серігіне жоспарланған жұмыстың 70 проценті жүктеліп, ақаусыз әрі қалыпты жұмыс істеп тұрды. Алайда соған қара­мастан, 2008 жылдың 10 қаң­тарында KazSat аппараты алғаш рет "жүрісінен жаңылып", комму­никациялық байланысында іркіліс пайда бола бастады. Сол кезде Қазақстан опера­торлары жерсерікпен он сағат бойы бай­ланысқа шыға алмай, әжептәуір әуреге түсті. Осылайша KazSat алғашқы жобасы ға­рыштағы қызметімен аяқ астынан қош айтысты.

Ал 2011 жылдың 16 шілдесінде Бай­қоңыр ғарыш айлағынан қазақстандық екінші жерсерік KazSat-2 аппараты ғарышқа ұшырылды. Араға үш жыл салып, 2014 жылы 28 сәуір күні Байқоңыр ғарыш айлағындағы №81 алаңнан "Про­тон-М" зымыран тасығышына тиелген KazSat-3 Жер серігі аппараты орбитаға шығарылған еді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: mdai.gov.kz
Қосылған күні: 29 қаңтар, 13:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.