Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жапония 6G жүйесін жасауды қолға алды
Жапония 6G жүйесін жасауды қолға алды

Әлем мемлекеттері әупірімдеп жүріп 5G жүйесіне өтуге тырысып жүрсе, Жапония билігі телекоммуникация жүйесінің алтыншы сатысына арналған жоспарын жариялады.

Жапония 2030 жылы толыққанды 6G орнатып, инфрақұрылымдарды ретке келтірмек. Ел билігі бұл жобаны Ішкі істер және байланыс министрлігі мен Токио университетінің сарапшылар тобына сеніп тапсырды. Сондай-ақ жобаға Жапонияның телекоммуникациялық корпорациясы Nippon Telegraph and Telephone және Toshiba компаниясы атсалысады.

Жапония телекоммуникация жүйесінің алтыншы сатысына өту арқылы, адамзат өркениетінде "жаңа қоғамның" құрылуына сеп болатынына сенімді. Мамандардың пікірінше, 6G ақпарат тарату жылдамдығы 5G-ге қарағанда кем дегенде 10 есеге жылдам болады. Жаңа жүйені зерттеу үшін Жапония билігі 2,03 миллиард доллар бөлген.

Бұған дейін Америка Құрама Штаттарының президені Дональд Трамп та тез арада 6G жүйесіне өту керегін мәлімдеді:

"Жақын болашақта АҚШ 5G, тіпті 6G жүйесінің пайда болғанын қалаймын. Олар қазіргісіне қарағанда жылдам әрі қуаттырақ. Америкалық компаниялар көбірек ізденулері қажет. Әйтпеген олар әлемнен қалып қояды, - деп жазды Дональд Трамп Twitter-парақшасында.

5G жүйесіне әлем елдерінің ішінен алғаш Оңтүстік Корея өткен болатын. SK Telecom, KT және LG Uplus операторлары 5G қызметін қолданушыларына ұсынуды бастаған. Қазіргі таңда Galaxy S10 және Оңтүстік Кореяда шыққан смартфондарды ұстайтындар үшін қолжетімді. Ары қарай операторлар жүйенің дамуын өз жоспарлары бойынша жүзеге асырады. Ел басшылығы 5G-ді наурыз айында іске қоспақ болған. Алайда оны қабылдай алатын смартфондардың санын көбейту үшін жоспарды ұзартуға тура келген.

АҚШ, Қытай мен Жапония елдері де 5G жүйесін енгізуде. Дегенмен елде толықтай емес. Ал Оңтүстік Корея өз аумағында бұл байланыс жүйесін толықтай қолданысқа енгізген алғашқы ел атанып отыр.

Елімізде өткен жылдың қыркүйек айында "Қазақтелеком" мен Huawei Нұр-Сұлтанда мобильді байланыстың бесінші буыны 5G желісін сынақтан өткізді. Тестілеу байланыс саласындағы өңірлік достастығының 55-ші кеңесінің және 25-ші ТМД мемлекеттердің ақпараттандыру саласын бойынша үйлестіру кеңесінің аясында өтті.

 
Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Fossbytes
Қосылған күні: 22 қаңтар, 17:41
Тегтер: 5G, 6G, технология,
Ұқсас жазбалар:
Оңтүстік Корея алғаш болып 5G байланыс жүйесін іске қосты Massaget.kz
Нұр-Сұлтанда 5G желісі сынақтан өткізілді Massaget.kz
5G қауіпті ме? Massaget.kz