Windows 7 жүйесінің жұмысы тоқтады

Windows 7 жүйесінің жұмысы тоқтады
Фото: Microsoft

Microsoft корпорациясы бүгін Windows 7-ні қолдауын тоқтатты. Қолданушылар енді "жетінші" жүйені жаңарта алмайды және тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етпейді.

"Windows 7 он жыл бұрын киберқауіпсіздік мүлдем басқа кезде ойлап табылған. Кибершабуылдардың жаңа түрі немесе жаңа технологиялардың пайда болуы қауіп-қатер тұрғысынан операциялық жүйені қайта қарауға себеп болды. Windows 10 құру кезіндегі басты қағида киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіп-қатерлердің жаңа түріне қарсы тұру еді. Microsoft Windows 10-ды жетілдіру және өзектендіру үшін бар күшін жұмылдырады", - деді Microsoft баспасөз қызметі.

Windows 7 орнатылған компьютерлер 2020 жылдың 14 қаңтарынан бастап хакерлер үшін жеңіл олжа болып қалу қаупі бар. Сондықтан әзірлеуші оны жаңарту қажеттігі туралы мәлімдеді. 

"Windows 7-де шыққан заманауи емес құрылғыларды, яғни, мораль тұрғысынан ескірген девайстарды жаңартқан кезде олардың өнімділігі төмендеуі мүмкін", - дейді Microsoft. 

Сонымен қатар, компания өкілдері ескірген құрылғылар Windows 10-ның негізгі қауіпсіздік мүмкіндіктерін қолдамайтынын айтты, олар: биометриялық сезбектер, қауіпсіз жүктеу құралдары, аппарат виртуализациясын қолдайтын процессорлар және басқа да аппарат компоненттері.

"Windows Hello көпфакторлы аутентификация платформасы техника иесінің келбетін, саусақ немесе алақан ізін пайдалануға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

 
А. Рысдәулет