Бес фотомодульді HUAWEI Nova 5T смартфоны Қазақстанда сатылымға шықты

Бес фотомодульді HUAWEI Nova 5T смартфоны Қазақстанда сатылымға шықты

HUAWEI компаниясының жаңа смартфоны HUAWEI Nova 5T Қазақстанда сатылымға шыға бастады. Құрылғының интеллектуал процессоры, футуристік дизайны және 32 мегапиксель фронт камерасы бар. Заманауи дизайн мен инновациялық функциялар жайлы жұмысты қамтамасыз етсе, камерадағы HDR+ динамикалық диапазонының кеңейетін технологиясы жарық нашар түсетін жерде де әдемі портрет пен селфи түсіруге мүмкіндік береді.

HUAWEI Nova 5T смартфоны жасанды интеллекті бар Kirin 980 процессоры негізінде жұмыс істейді. Жедел жады – 6 ГБ. Бұл EMUI 9.1 операциялық жүйесімен бірге бағасы біршама жоғары құрылғылардағыдай жылдам жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

22,5 Вт қуаты бар HUAWEI SuperCharge жылдам қуаттау функциясы батарея қуатын тез толтыруға жағдай жасайды, ал ойын графикасын оптимизациялайтын GPU Turbo 3.0 технологиясы арқасында құрылғының аппараттық мүмкіндіктерін максимал пайдалануға болады, сәйкесінше жоғары сапада видео көріп, ойын ойнауға болады.

HUAWEI Nova 5T – әлеуметтік желілерді өміріндегі айтулы сәттерді бөліскісі келетін және сапалы графикасы бар видеоойындарға қызығатындар үшін таптырмас смартфон. Арнаулы бес фотомодульдің арқасында сапалы фото, видео түсіруге болады.

Актуал дизайн

HUAWEI Nova 5T корпусының текстуралы қабаты бар. Ол көпқабатты 3D-эффектке ие. Қазақстанда екі түс сатылады: тұңғиық көк және жазғы күлгін. Жаңа күлгін реңктің корпус артында модель логотипі пішініндегі нақышы бар. Ол жарықта ашық түстермен құбылады. Смартфонның FullView дисплейінің диагоналі – 6,26 дюйм және фронт камераға арналған домалақ ойығы бар. Экраны үлкен болса да, смартфон өте жеңіл – 174 грамм, корпус қалыңдығы – 7,87 мм.

Сапалы фото мен видео

HUAWEI Nova 5T камерасымен интеллектуал өңдеу арқылы сапалы фото, видео түсіруге болады. Бұл күрделі ситуацияларда сәтті кадр жасауға ықпал етеді. 32 мегапиксельдік фронт камера ұсақ детальдарды сақтай отырып анық сурет түсіруге мүмкіндік береді.

Негізгі камера төрт модульден тұрады: ажыратымдылығы жоғары суретке арналған камера, ультракеңбұрышты объектив, макротүсірілімге арналған модуль мен портреттегі артқы бөлікті тұнық ететін эффекті бар объектив. Соның арқасында HUAWEI Nova 5T үлкен пейзаждан бастап портретке дейінгі кез келген жанрда сапалы сурет түсіре алады.

Смартфонда семантикалық сегментация және жасанды интеллект негізіндегі сурет оптимизациясының технологиясы бар. Ол смартфон камерасындағы төрт модуль көмегімен кескінді түрлі жағдайда барынша қанық етіп көрсетуге жағдай жасайды. Смартфонда интеллектуал алгоритмдерді қолданатын сурет стабилизациясы (AIS), экспозицияны (AEL) және фокусты (AFL) автомат бұғатайтын функциясы, автомат видеоредактор бар.

EMUI 9.1: ыңғайлы жұмысқа арналған жасанды интеллект

HUAWEI Nova 5T смартфонына EMUI 9.1 интерфейсі орнатылған. HUAWEI жасаған EROFS файлдық жүйесі оқылымның орташа жылдамдығын 20% арттырады, нәтижесінде жүйе файлдарын сақтайтын орын көбейеді. Жүйе файлдарды "тек оқу үшін" форматына конвертациялап, құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бағасы мен түрлері

HUAWEI Nova 5T смартфоны Қазақстанда 2019 жылдың 19 желтоқсанынан бастап сатылып келеді. Бағасы – 199 990 теңге. Түрлері: көк және күлгін.

Cеріктес материалы

Massaget