Соңғы 10 жылда ең көп жүктелген қосымшалар мен ойындар

Соңғы 10 жылда ең көп жүктелген қосымшалар мен ойындар
Фото: apptracktor

App Annie компаниясының сарапшылары соңғы 10 жыл ішінде ең көп жүктелген қосымшалар мен ойындарды атады. Рейтинг көшін мессенджерлер бастап тұр.

Тізімнің алғашқы үштігіне Facebook, Facebook Messenger және WhatApp кірді. Instagram мен Snapchat үздік бестіктен көрінді.

СОңғы 10 жылда ең көп жүктелген ойын – Subway Surfers. Бұл ойынды даниялық Kiloo компаниясы жасап шығарған. Ал екінші орында Candy Crush Saga ойыны тұр. Үштікті Temple Run 2 қорытындылап тұр.

А. Қажиев