Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Әлемдегі тұңғыш электр гидроұшақ сынақтан өтті

Әлемдегі тұңғыш электр гидроұшақ сынақтан өтті

Әлемдегі тұңғыш электр гидроұшақ сынақтан өтті

Harbour Air eBeaver атты тұңғыш электр гидроұшақ сынақтан сәтті өтті. Ол Ванкувердегі (Канада) Фрейзер өзенінің үстімен 3 минут ұшқан. Harbour Air компаниясының басшысы, пилот Грег Макдугалл ұшақтың алғашқы пилоты болды.

Макдугалдың айтуынша, электр ұшақтар авиацияның жаңа үшінші дәуірі, яғни "электр дәуірі" саналады.

"Бүгін – тарихи күн. Мен Harbour Air-дің авиациядағы инновация мен қауіпсіздіктің жаңа деңгейіне өткенімізді мақтанышпен айтқым келіп тұр. Канаданың авиация тарихында өз орны бар және біз жаңа дәуірге аяқ басқанымызға қуаныштымыз", - дейді ол.

eBeaver электр ұшағының бортына алты жолаушы сыяды. Ұшақтың моторы – magni500 (750 ат күшіне пара-пар). Бұл модель пропеллер ұшақтың қуатты жұмысын қамтамасыз етеді. Ұшаққа 35 минутқа жететін литий-ион батареялар орнатылған және қуаттың бір циклі 160 км-ге жетеді.

Harbor Air алғашқы коммерциялық тасымалын 2022 жылға жоспарлап отыр.

Harbour Air – 1982 жылы құрылған, гидроұшақ рейстерін жасайтын авиакомпания.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: harbourair.com
Қосылған күні: 14 желтоқсан 2019, 16:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.