Google Photo қосымшасына жаңа функция енді

Әлемге әйгілі брендке айналған Google корпорациясы Google Photo қосымшасына жаңа функция енгізді. Енді қолданушылар суреттерде бір-бірін өз беттерінше белгілей алатын болды, - деп хабарлайды 24gadget.ru.

Басылымның мәліметінше, Google Photo-да адам түрін танитын арнайы алгоритм дайындалды. Бірақ камерадан сәл ғана ауытқып кеткен жағдайда немесе бетіне көлеңке түсіп қалса қосымша адам түрін тани алмай қалады.

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, қолданушылар бір-бірін белгілеп қана қоймай, суреттерді өңдей алады. Компания өкілдері бұл функцияның  Google Photо-да нақты қашан пайда болатынын нақтыламады.