Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Күн жүйесінен шыққан зонд алғашқы мәлімет жіберді

Күн жүйесінен шыққан зонд алғашқы мәлімет жіберді

Күн жүйесінен шыққан зонд алғашқы мәлімет жіберді

1977 жылы 20 тамызда NASA тарапынан ғарышқа ұшырылған "Вояджер-2" кеңістіктегі Күн жүйесі шекарасына жақындап қалғандығы және жақын күндері жұлдызаралық кеңістікке шығып кететіні анықталғанын жазған едік.

Күн жүйесінен шығып кеткен “Вояджер-2” зерттеу зонды жұлдызаралық кеңістіктен алғашқы мәліметін жіберді. Бұл туралы NASA ғарыш агенттігі хабарлады. 

Қазіргі уақытта аппарат Плутон планетасынан да ұзақта – шамамен 18 миллиард шақырым қашықтықта секундына 15 шақырым жылдамдықпен ұшып бара жатыр. 

Құрылғы Күннің әсер ету аймағы – плазманың гелиосферадан тыс тығызырақ және салқын болатындығын растады. Сонымен қатар, күн жүйесінен тыс өлімге әкелетін ғарыштық сәулелердің жылдамдығы күрт жоғарылады. Ғалымдар бұрын Күн планеталарды осы сәулеленудің 70 пайызынан қорғайтынын анықтаған.

2018 жыл тамыздың соңында құрылғыдағы детекторлар ғарыш жарығының қуаты артқандығын анықтай бастаған. 2018 жыл 5 қазандағы тексеру нәтижесінен кейін ғалымдар оның шекараға жақындап қалғандығын анықтаған. 

Қазіргі уақытта зонд Жер шарынан 18 миллиард қашықтықта секундына 15 шақырым жылдамдықпен Күн жүйесі тізімінен ұзап бара жатыр.  Ғалымдардың есептеуінше, ол Күн жүйесінен шығып кеткеннен кейін 10-20 жыл ішінде Жермен байланысты үзеді. Ары қарай оның хабар жіберуге қуаты жетпейді.

0
Рейтинг: +0

Фото: habr.com
Қосылған күні: 07 қараша, 14:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.