Билл Гейтс байлар тізіміндегі орнын жоғалтты

Билл Гейтс байлар тізіміндегі орнын жоғалтты
Фото: vk.com

Билл Гейтс – АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, әйгілі Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушы (Пол Алленмен бірге) және экс-президенті, негізгі акционері.  Forbes журналының әлемдегі бай адамдар рейтингі бойынша екінші (90 миллиард доллар) саты Билл Гейтске тиесілі еді.  

Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күресуге ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек 10 миллион доллардан алады. Ал қалған ақшасы қайырымдылық қорына аударылады.

Сондықтан болар Microsoft компаниясының негізін қалаушысы әлемдегі дәулетті адамдар рейтингінде үшінші орынға түсіп қалды. Бұл туралы Forbes басылымы хабарлады.

Forbes рейтингіндегі екінші орын француз бизнесмені, Louis Vuitton Moët Hennessy компаниялар тобының президенті Бернар Арноға бұйырды. Оның дәулеті 107 млрд доллар деп бағаланып отыр. Гейтс 106,8 млрд көрсеткішпен үшінші орынды иеленсе, бұл тізімде бұрынғыша Amazon негізін салушы Джефф Безос көш бастап тұр. Оның дәулеті 112,4 миллиард доллар деп бағалануда.

Маусымда Арноның әл-ауқаты алғаш рет 100 млрд доллардан асып, рейтингтің алғашқы үштігіне бірінші рет кірген еді.

Т. Раушанұлы