Илон Масктың қалтасы 1 апта ішінде 2 миллиард долларға қалыңдады

Илон Масктың қалтасы 1 апта ішінде 2 миллиард долларға қалыңдады
Фото: vk.com

SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Масктың қалтасы 1 апта ішінде 2 миллиард долларға қалыңдады. Бұл туралы Forbes басылымы мәлімдеді.

Масктың акцияға шаққандағы кірісі 23 қазанда қор биржасы жабылғаннан кейін сарапшылардың теріс болжамына қарамастан 1,86 долларға өскен.

Оқи отырыңыз: Илон Маск әлем автоөндірісін бағындыра ала ма?

Tesla акциялары 31 қазанға дейін бір апта ішінде 24 пайызға өскен. Мұның нәтижесінде Илон 2 миллиард доллар пайда көріп, байлығы 22,9 миллиард долларға көбейген.

Бүгінде Маск Tesla компаниясының 22 пайыз акциясына иелік етеді. Бұл миллиардер байлығының шамамен тең жартысы. 

Айта кетейік, Илонның Марсқа қатысты бірнеше жылдық жоспарын бұған дейінгі "Масктың Марсқа қатысты 100 жылдық жоспары" мақаламызда жазған болатынбыз.

Т. Раушанұлы