Ұшақтан құлап "аман қалған" iPhone

Ұшақтан құлап "аман қалған" iPhone

2018 жылдың тамыз айында Хаукур Сноррасон (Haukur Snorrason) атты азамат кішігірім ұшақта Оңтүстік Исландиядағы Скафтау өзенінің бойымен ұшып келе жатады. Төңіректі iPhone 6S Plus-пен видеоға түсіріп келе жатқанда Хаукур ойда-жоқта қолынан смартфонын түсіріп алады.

Смартфон 60 метр биіктіктен құлаған екен және тасты аймаққа барып түскен. Смартфонмен сол сәтте қош айтыса беруге болар еді, бірақ iPhone аман қалыпты.

Бір жыл өткен соң Хаукурға Рейкьявик тұрғыны хабарласып, оның смартфонын тауып алғанын айтады. Ол смартфонды компьютерге жалғағанда шығатын смартфон иесінің аты арқылы Хаукурды тауып алған екен.

Смартфонымен қауышқан Хаукур бұл ситуацияға аң-таң:

"Исландияның қатал климатына шыдап, бір жыл далада жатқан iPhone әлі жұмыс істеп тұр", - дейді ол. Оның айтуынша, смартфон бұзылып үлгермеген, тек микрофоны ғана істен шыққан.

Қызығы, смартфонды құлатып алғанда ол әлі де видеоға түсіріп жатқан еді.

Massaget.kz