iOS операциялық жүйесінде қазақ тілі пайда болды

Apple өнімдеріне арналған iOS операциялық жүйесінің жаңа нұсқасына қазақ тілі ресми енгізілді. 13-ші нұсқада пернетақтаға арналған 38 жаңа тіл пайда болды. Олардың ішінде қазақ, қырғыз, моңғол, түрікмен, тәжік, күрд, ұйғыр және өзбек тілдері бар. Толық тізімді Apple.com сайтынан көруге болады.

Қазақ тілін орнату үшін баптаудағы клавиатура бөлімін ашу керек.

Сондай-ақ, операциялық жүйенің жаңа нұсқасында түнгі режим пайда болды. Ол Apple-дың стандарт қосымшаларын күңгірт түске ауыстырып отырады.