Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Сымсыз желіге дейін...

Сымсыз желіге дейін...

Сымсыз желіге дейін...

Бір күн интернетсіз не ұялы телефонсыз қалып көрдіңіз бе? Бұл мүмкін еместей көрінеді. Бірақ, бір кездері адамдар телефонсыз, радиосыз өмір сүрген. Соған қарамастан, олар бір-бірімен хабар алмасып, араласқан. Бұл құбылысты бір жерде заманауи сымсыз желі алмастырса, енді бір жерде ол әлі күнге дейін қолданыста. 

Ысқыру
Канар аралдары өте қауіпті аймақта орналасқан: терең шатқалдар, жанартау, қатып қалған лавалар. Мұндай ойлы-қырлы аймақта байланыс орнату өте қиын. Дегенмен аралдың ежелгі тұрығындары тығырықтан шығар жол тапқан: ысқыру тілін пайдалану арқылы, 5 км қашықтыққа дейін бір-бірімен хабар алмаса алған. Бір кездері бұл тілдесу түрі Канар архипелагына тиесілі барлық аралдарда кеңінен қолданған. Қазір Гомер аралында ғана сақталып әлі күнге дейін белсенді қолданылады. 

Гомерлік ысқырықта алты дыбыс қолданады: екеуі – "дауысты", төртеуі –"дауыссыз". Олардың көмегімен 4000-нан астам сөз құрап шығуға болады.

Йодль ән шырқау тәсілі
Йодль — қысқа балақ шалбар мен үкілі қалпақ таққан адамдар әндететін дәстүрлі ән ретінде танымал. Бірақ, йодль бірнеше ғасыр бойына Альпі тауларын мекендеген бақташылардың өзара тілдесу құралы болған. Олар табын сиырды басқарған және адаспау үшін бір-бірімен йодль әнін шырқау арқылы "хат" алмасқан. Йодль ән шырқау тәсілі альпі аймағында: Швейцариядан бастап Аустрияға дейін кеңінен қолданылған.

Көгершін поштасы
Көгершіндер сағатына 100 километр жылдамдықпен ұшады әрі өзінің ұясына қайта оралатындығымен ерекшеленеді. Бұл қасиетін адамзат мың жыл бұрын байқаған. Ежелгі өркениеттерде көгершінді пошташы ретінде кеңінен қолданған. Орта ғасырда Еуропада танымал болған. 

XIX ғасырда радио мен телеграф шыққанға дейін көгершін поштасын биржа ойыншылары белсенді пайдаланған. Аңыз бойнша, көгершін ағылшын банкирі әрі саясаткері Натан Ротшильдтің баюына көмектескен: 1815 жылы Ватерлоо маңындағы шайқастың нәтижесін басқалардан екі күн ерте білген ол, француз бағалы қағаздарын жоғары бағаға сатқан. 

Көгершін поштасының 1870–1871 жылдары болған Франция-Пруссия соғысы кезінде атқарған рөлі зор.  Париж қоршауда қалған кезде олар астана мен Тур қаласының арасындағы байланысты сақтаған көгершін маңызды хаттарды жеткізген. Кейін көгершін қызметі барлық еуропалық елдерде іске кіріскен. 

2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: salzburgerland.com/
Қосылған күні: 10 қыркүйек, 10:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.