Онлайн-олжа: Суретке қарап адам жасын анықтайтын Everypixel сервисі

Онлайн-олжа: Суретке қарап адам жасын анықтайтын Everypixel сервисі

Everypixel сток суреттер сайты бет-әлпетке қарап, адам жасын анықтайтын сервисті іске қосты. Жасанды интеллект негізіндегі бұл өнім өзге сервистерге қарағанда адам жасын дәл табады.

Сайттан Age recognition бөлімін таңдап, көлемі 10 МБ-тан аспайтын, JPG немесе PNG форматтағы суретті жүктеу керек. Сервис сол сәтте суреттегі барлық адамның жасын анықтап береді.

Сондай-ақ, сервис жүктелген суреттің сток суреттік қабілетін, түрлі сипаттамасын, UGC-фото (қолданбалы) қабілетін көрсетеді.

Massaget.kz