iPhone көмегімен бөлме сызбасын қалай жасауға болады?

iPhone көмегімен бөлме сызбасын қалай жасауға болады?
Фото: minck.co

Үйді сатқанда немесе жалға бергенде, интернетке хабарландыру орналастырғанда оның сызбасын сызып, клиентке ұсыну керек болады. Сондай-ақ жаңа үй сатып аларда оның сызбасы мен өлшемін жедел өлшеу қажеттігі туады. Мұндайда сызғыш пен қағаз орнына iOS жүйесіндегі құрылғыларға арналған RoomScan бағдарламасы көмекке келеді. 

Бағдарламаның жұмыс принципі өте оңай. Смартфонды горизонтал күйінде төрт қабырғаға кезек-кезек жанастырып шығу керек. Артынша бағдарлама бөлме сызбасын өзі дайындап береді.

Бағдарламада сондай-ақ бөлмені камерамен өлшеуге, қолмен өз сызбаңды жасауға болады

Massaget