Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Huawei өз операциялық жүйесін таныстырды, бірақ Android-тан бас тартпады

Huawei өз операциялық жүйесін таныстырды, бірақ Android-тан бас тартпады

Huawei өз операциялық жүйесін таныстырды, бірақ Android-тан бас тартпады

Өткен демалыс күндері Қытайдағы Донгуан қаласында орналасқан Huawei штаб-пәтерінде HDC 2019 конференциясы өтті. Алғашқы күні компания осы жылдың бағдарламалық жасақтама бойынша ең болжалды релизі тәуелсіз Harmony OS операциялық жүйесін таныстырды. Келешекте ол Android орнын басуы тиіс.

Harmony OS – микроядролар негізіндегі үлестірілген жаңа операциялық жүйе. Бұл – барлық типтегі құрылғыларға арналған ортақ қолданушы интерфейсін бар жүйе.

"Қолданушыларға барлық құрылғы мен сценарийге ортақ, біртұтас интеллектуал дүниені ұсынатын уақыт келді", – дейді Huawei Consumer Business Group президенті Ричард Ю. – Біз жетілген кроссплатформалық мүмкіндіктері бар, барлық сценарийді қамти алатын, құрылғылардығ кең спектрінде қолданылатын, қолданушы сұарынсын қанағаттандыратын операциялық жүйенің қажеттігін түсіндік".

Harmony OS Android пен iOS операциялық жүйелеріне мүлде ұқсамайды. Бұл – барлық сценарийде бірқалыпты жұмыс істеуге қабілетті, микроядро негізіндегі үлестірілген ОЖ. Ол сенімді әрі қауіпсіз архитектураға ие, сондай-ақ құрылғылар арасында жіксіз байланыс орната алады. Жасаушы қосымшаны бір рет құрастырып, кейін оны басқа құрылғыларға оңай ауыстыра алады.

Harmony OS смарт-сағат, смарт-экран, автомобильдегі жүйелер мен смарт-динамиктер сияқты смарт-құрылғыларда қолданылады. Мұндай интеграция арқасында Huawei барлық құрылғылар арасында ортақ экожүйені қалыптастыруға ұмтыла түспек. 

Алғаш рет Harmony OS 1.0 сенбі күні компания көрсеткен смарт-экрандарда қолданылмақ. Бұл – Standard және Pro нұсқаларындағы, жоғары жақтаудан жылжып шыға алатын, видеоқоңырау шалуға болатын Full HD камерасы бар, 55-дюймдік 4К теледидарлар. Алдағы үш жылда Harmony OS оңтайландырып, HUAWEI Vision және автомобиль гарнитурасы сынды құрылғылар арқылы қолданылу аясы кеңейе бермек.

"Harmony OS индустрияға жан беріп, әлем бойынша 100 миллион қолданушысы бар экожүйені байыта түседі деп сенеміз, – деді Ричард Ю. – Біздің мақсатымыз – адамдарға шын мәнінде қызық және жан-жақты дүние ұсыну".

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Қосылған күні: 12 тамыз, 12:11
Тегтер: Harmony OS, Huawei,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.