Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Huawei компаниясының табысы 2019 жылдың бірінші жартысында 23,2%-ке өскен

Huawei компаниясының табысы 2019 жылдың бірінші жартысында 23,2%-ке өскен

Huawei компаниясының табысы 2019 жылдың бірінші жартысында 23,2%-ке өскен

Huawei компаниясы қаржылық есебін қорытындылады. 2019 жылдың бірінші жартысында компания 58,3 миллиард доллар табыс тапқан, бұл дәл осы кезеңдегі былтырғы көрсеткіштен 23,2 процент жоғары. Жылдың бірінші жартысындағы таза табыс көрсеткіші – 8,7 процент.

Huawei өкілі Лян Хуа сөзінше, қаржы операциялары мінсіз өтіп жатыр және компания өз саласында нық басып келеді. Нәтижелі басқару жұмыстары мен 2019 жылдың бірінші жартысындағы жақсы көрсеткіштің арқасында, Huawei күшейіп келеді.

Операторлық бизнес бойынша компанияның табысы 21,2 миллиардқа жеткен. Сымсыз байланыс құрылғыларының өндірісі мен тапсырысынан, оптоталшықты байланыс, мәліметтерді жіберу, ақпараттық технология салаларында  тұрақты өсім байқалады. Қазіргі уақытта Huawei 5G саласында 50 коммерциялық келісімшарт жасап, әлем бойынша 150 000 базалық станция құрған. 

Корпоративтік шешімдер саласында Huawei-дің бірінші жартыжылдықтағы табысы 4,5 миллиард долларды құраған. Компания өзінің АКТ портфелін түрлі салада кеңейтіп келеді. Мысалы бұлтты технология, жасанды интеллект, кампус жүйелері, деректерді өңдеу орталықтары және интеллектуал есептеу. Huawei мемелекеттік мекемелер мен коммуналды кәсіпорындар үшін, сондай-ақ қаржы, транспорт, энергетика, автомобиль өнеркәсібі салаларында сенімді жеткізуші компанияға айналды. 

Тұтынушылар болса, Huawei компаниясына бірінші жартыжылдықта 32,1 миллиард доллар табыс әкелген. Жарты жылда 118 миллион Huawei смартфондары (Honor маркасын қоса алғанда) сатылған екен, бұл осы кезеңдегі былтырғы көрсеткіштен 24 процентке көп. Планшет, ДК және тасымал құрылғыларын сатылымында да тұрақты өсім байқалады. Huawei өзінің барлық құрылғыларын бір интеллектуал экожүйеге біріктіру жұмыстарын қолға алды. Қазіргі таңда Huawei мобильді сервистер (Huawei Mobile Services) экожүйесінде әлем бойынша 800 000 жасаушы мен 500 миллион қолданушы тірікелген.

"Мамыр айында компания табысы жылдам артты, - дейді Лян. - Жылдың бірінші жартысында біз қалаған іргетастың арқасында, АҚШ-тың "тізімнен шығарылған физикалық және заңды тұлғалар" қатарына қосқанына қарамастан, біздің табысымыз әлі де өсіп жатыр. Бұл болашақта бізде қиындықтар болмайды деген сөз емес, қиындықтар болады және ол біздің өсімге ықпал етуі мүмкін". 

"Қандай жағдай болмасын біз бұрынғы қарқынмен жалғастыра береміз, - дейді ол. - Біз өз болашағымызға сенімдіміз және бұрын жоспарлған инвестицияны өз көлемінде жүзеге асырамыз. Мысалы ҒЗТКЖ саласына биыл 17,4 миллиард доллар жұмсамақпыз. Біз барлық қиындыққа төтеп беріп, бүкіл жаманды артта қалдырып, жаңа кезеңге аяқ басатынымызға сенімдіміз". 

Серіктес материалы

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 07 тамыз, 12:48

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.